БАҚ Головкинді «Ресей спортшысы» деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ Головкинді «Ресей спортшысы» деп атады

БАҚ Головкинді «Ресей спортшысы» деп атады

Ресейдегі «Журналистcкая правда» ақпараттық агенттігі Головкиннің азаматтығын қате жазды, деп хабарлайды Stan.kz. «

  • 13 Қыркүйек 2016
  • 313
Фото - Caravan.kz

Ресейдегі «Журналистcкая правда» ақпараттық агенттігі Головкиннің азаматтығын қате жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Орта салмақтағы әлем чемпионы, ресейлік Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін ұлыбританиялық Келл Брукқа ота жасалынады. Бұл туралы 11 қыркүйек күні «Р-Спорт» жазды», – деп жазылған агенттіктің ақпаратында.


Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні Ұлыбритания астанасында қазақстандық боксшы, орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен британиялық Келл Брук арасында жекпе-жек өтті.

Бесінші раундта Головкин Брукты техникалық нокаутқа түсірді. Бруктың бапкері рингке ақ орамал тастап, жекпе-жектен бас тартқан болатын.

Соңғы жаңалықтар