Жарияланды: 80

Бақытжан Сағынтаев күзгі жиын-терім жұмыстарын қатаң бақылауды тапсырды

Бақытжан Сағынтаев күзгі жиын-терім жұмыстарын қатаң бақылауды тапсырды

Бүгін ҚР Үкіметінің селекорлық режимдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өзінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке күзгі жиын-терім жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бақытжан Әбдірұлы, жаңа баяндамада айтылғандай, биылғы жылдың егін орағының қарқыны өте жоғары. Сондықтан осы қарқынды жоғалтпай қалған егістік алқапты дер кезінде аяқтау басты мәселе. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар аяқталып жатыр. Шешілмеген мәселе жоқ. Тек егін орағын ойдағыдай аяқтау мәселесі ғана қалды», - деді Асқар Мырзахметов Үкімет басшысына қарата.

«Жақсы ондай болса, осы мәселені бақылауға алыңыз. Егін орағы аяқталғаннан кейін атқарылған жұмыстың қорытындысын қарайтын боламыз», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Отырыс барысында Үкімет басшысы еліміздің Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтан диқандарды дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесін де сұрады.

«Жанар-жағармай бойынша барлық жұмыс жоспарға сай жүргізілуде.  Егер астық жинаудың күзгі кезеңін алатын болсақ, онда жоспардың 56 пайызы, яғни дизель отының 393 мың тоннасының 222 тоннасы жөнелтілді. Толықтай алғанда жоспардың орындалуы шамамен 80 пайызды құрайды. Қажетті көлемді жеткізуге дайынбыз деп ойлаймын», - деді Қанат Бозымбаев ҚР Премьер-Министріне берген жауабында.


 

Пікір қалдырыңыз

[X]