Барселонадағы лаңкестіктен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Барселонадағы лаңкестіктен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - ҚР СІМ

Барселонадағы лаңкестіктен қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - ҚР СІМ

Кеше Барселонада орын алған лаңкестік оқиғадан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

  • 18 Тамыз 2017
  • 311
Фото - Caravan.kz

"Алдын ала ақпарат бойынша Барселонадағы теракты салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл алдын ала мәліметтер. Анықтау жұмыстары жалғастырылуда. Қазақстанның Барселонадағы консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен тығыз байланысты ұстауда", — деп хабарлады ҚР СІМ өкілі.

Алайда, Сыртқы істер министрлігі Испания мен Барселонада нақты қанша Қазақстан азаматының жүргенін айта алмай отыр.

Еске салайық, 17 тамыз күні кешке Барселонада микроавтобусқа мінген лаңкес адамдар көп жүретін жерге келіп, жүргіншілерді басып-жаншыды. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 100 астам адам жараланды. Зардап шеккендердің арасында шетелдіктер көп.


Соңғы жаңалықтар