Жарияланды: 10500

"Барыс Аренада" мені қолдауға 5000 армян келеді, ал қазақтар аз болады - Вартан Асатрян

"Барыс Аренада" мені қолдауға 5000 армян келеді, ал қазақтар аз болады - Вартан Асатрян

Бүгін кешке Астанада Fight Nights Global 65 сайысы өтеді. Онда 12 жекпе-жек болуы тиіс. Ал басты жекпе-жек қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Вартан Асатрянның арасында болмақ.

Истаграмдағы ufckaz парақшасында сол Асатрянның қазақ спортшысының жанкүйерлерінің жынына тиетін сөзін жариялады.

Онда ресейлік спортшы: "Мен Қазақстанда өзімді үйімде жүргендей сезінетін боламын. Неге екенін білесіздер ме? Астана трибуналарында 5000 армян болады. 5000 адамның қолдауы мың қазақтың дауысынан әлдеқайда мықты сезіледі. Жалғас та, бәрі де "Барыс Аренада" армяндардың қазақтардан көп болатынын біліп отыр" депті.

Бұл қазақ жанкүйерлерінің намысына тиді. Сөйтіп, бәрі Жалғасқа жеңіс тілеп, Асатрянға қарсы сөздерін қарша боратып жатыр. 

Закрыть