Бас мүфти Ақтөбедегі оқиғаға байланысты пікірін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас мүфти Ақтөбедегі оқиғаға байланысты пікірін білдірді

Бас мүфти Ақтөбедегі оқиғаға байланысты пікірін білдірді

Қасиетті Рамазан айына санаулы ғана сағаттар қалған сәтте Ақтөбедегі қанды оқиға күллі қазақ жұртының жағасын ұстатты.

  • 6 Маусым 2016
  • 381
Фото - Caravan.kz

Алла тағаланың рахымына ие болып, сансыз сауапқа кенелетін берекелі айдың берекесін қашырған қандықол қарақшылардың қылығы адамгершіліктен алыстап, мұсылмандығыңа пысқырмайтындардың тірлігі екенін айғақтайды. Бейбіт күнде қолына қару алып, қан төккен қаныпезерлердің әрекеті халық арасында қызу талқылану үстінде.

Жайбарақат күнде жай түсіргендей әсер еткен оқиғаға байланысты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бүгін Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен тарауих намазы алдында өз пікірін білдірді, деп жазады muftyat.kz.  Шынайы мұсылманның өзгеге қолы түгілі, тілімен зиян тарқызбайтынын айтып өткен Бас мүфти нақақтан қаза тапқан жандардың отбасына көңіл айтып, сабырлық тіледі. Осынау қасиетті айда еліміз бен жеріміздің тыныштығынан айырып, дүрбелең туғызуды көздеген жат пиғылдардан сақтауын сұрап дұға етуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар