«Басшыны тілдеп жатыр, ал сіздер үндемейсіздер!» Төлеев операциядан кейінгі жиналысын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Басшыны тілдеп жатыр, ал сіздер үндемейсіздер!» Төлеев операциядан кейінгі жиналысын өткізді

«Басшыны тілдеп жатыр, ал сіздер үндемейсіздер!» Төлеев операциядан кейінгі жиналысын өткізді

Этникалық қазақ, Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев ұзаққа созылған сырқатынан емделіп шыққаннан кейінгі алғашқы жиналысын өткізі

  • 23 Тамыз 2017
  • 392
Фото - Caravan.kz

Этникалық қазақ, Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев ұзаққа созылған сырқатынан емделіп шыққаннан кейінгі алғашқы жиналысын өткізіп, қол астындағыларды сынға алды. Кеңестің видеожазбасын облыс әкімшілігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Емделіп шықтым, бәрі сәтті өтті, алайда әрлі-берлі жүріп көру керек. Өкпе ашылу үшін таза ауамен тыныстау керек. Бірден аяққа тұруға болмайды. Сондықтан да әзірге арбада отырмын. Яғни мен жұмыс істеймін. Қай жерден басқарсам да сіздерге оның айырмашылығы жоқ», — деді Төлеев орынбасарларымен кездесуде.

Аман Төлеев өзінің қол астындағыларға қоамақты ақшамен байланысты мәселелерді бірінші басшының келісімінсіз шешуге тыйым салды.

«Бәрін өзім бақылап отырдым, қазір де назардан тыс қалып отырған жоқ, әсіресе, өзім бекіткен бағдарламалар. Малаховқа (губернатордың қаржы жөніндегі орынбасары – бас қаржы басқармасының бастығы Игорь Малаховқа) қомақты ақшамен байланысты мәселелерді менсіз шешуге тыйым саламын», — деп толықтырды губернатор.

Ол сондай-ақ өзінің денсаулығы туралы сыбысты қол астындағылардың жоққа шығармағанына ашуланды.


«Өкінішке қарай, жауым көп. Осы уақыт ішінде не оқымадым десеңші. Көмекшілерім көп нәрсені менен жасырып бағуға тырысты. Алайда мен Синицынге өкпелі екенімді жасырмаймын. Зеленин, Лопатина сатқындық жасады. Неге үндемедіңіздер? Басшыны орынсыз тілдеп жатыр. Олай емес екенін білесіздер ғой, мен оған лайық емеспін. Елдің алдына шық! Интернетте айт. Рас-өтірігі белгісіз сыбыс тарап жатыр. Шық та, айт. Олай істеуге болмайды», — деп атап өтті Төлеев.

Айта кетейік, Төлеев 22 мамырда ресми еңбек демалысына шығып, ота жасатуына байланысты оны создырды. Осыдан кейін кейбір БАҚ губернатор отставкаға кетеді екен деген қауесет таратты.

Соңғы жаңалықтар