Баян Алагөзова ереуілге шыққан шахтерлерді жер бетіне көтеруді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзова ереуілге шыққан шахтерлерді жер бетіне көтеруді сұрады

Баян Алагөзова ереуілге шыққан шахтерлерді жер бетіне көтеруді сұрады

Продюсер әркез бөтенді қорғауға дайын құқық қорғаушылардың өзіміздің азаматтар қиын жағдайға тап болғанда, бұрыш-бұрышқа тығылып қалғанына кейістік білдірді

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 4882
Фото - Caravan.kz

Белгілі продюсер Баян Алагөзова Қарағанды облысында ереуілдеп жатқан кеншілерді қолдап, оларды жер астынан шығаруды сұрады, деп хабарлайды Sputniknews.

Бұл туралы продюсер инстаграмдағы парақшасында жазды. 

"Мьянма мұсылмандарын ренжіткен кезде, тек жалқау ғана олар үшін қынжылған жоқ, бірақ олар алыста, сондықтан шындық қайсы екенін кім біледі?! Ал біздің жігіттер дәл жанымызда, қорғаушылар болса бұрыш-бұрышқа тығылды. Мен сұрақтың бейбіт шешілгенін қалаймын, шахтерлерді жер бетіне көтеріңіздерші, өтінемін. Олар отбасыларына оралып, лайықты жалақы алулары керек, осынша адам өтірік сөйлей алмайды", — деп жазған Алгөзова. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаментіне қарасты төрт шахтаның 200-ге жуық жұмысшысы 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан кейін жер астынан шығудан бас тартады. Олар бірнеше талап қойды, оның ішінде еңбекақыны жүз пайыз өсіру және зейнет жасын төмендету талабы бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 12 желтоқсанда сегіз шахтада 684 адам болғанын хабарлады. Жергілікті билік пен компания өкілдері шахтерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Кеше жер астынан 150-ден астам кенші шықты. Соңғы мәліметтер бойынша 500-дей шахтер әлі жер астында қалып отыр. 


Соңғы жаңалықтар