Жарияланды: 250

Баян Есентаева өз кітабында атасының өте қызғаншақ болғаны туралы жазды

Баян Есентаева өз кітабында атасының өте қызғаншақ болғаны туралы жазды Сурет - arhar.kz

Баян Есентаева кітабын жай ғана “Баян” деп атады. Ол тырнақалды туындысының бір тарауын ата-әжесіне арнады.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Баян Мақсатқызы ата-әжесінің сыйластық пен махаббатқа толы ғұмыр кешкенін жазады. Оның айтуынша, атасы өле-өлгенше әйелін қызғанып өткен. Ол, тіпті, әйелінің көшеге сәнді киініп шығуына тыйым салған екен. Ал кішкентай Баян әжесіне көмектесіп, оның сәнді киімдерін подъезге алып шығатын болған.

“Атамның әжемді неге соншалықты қызғанғанын түсінемін. Бұған дейін әжем 15 жаста, ал атам 30-ға жақындаған кезде отбасын құрғандарын жазған едім. Ең қызығы, атам әжемнің әдемі киініп жүруіне қарсы болатын. Алайда өзі әрқашан сырбаз болып жүретін. Атам әркез костюм киетін, тіпті үйде. Иә, ол “үйге арналған костюм” еді, бірақ қалай болған күннің өзінде костюм, “үйге арналған туфли”, бірақ бастысы туфли. Үйден тыс жерде міндетті түрде басына қалпақ киетін. Тек қартайған шағында ол туфлиді тәпішкеге, ал пенжекті желеткеге ауыстырды. Қалпақтың орнына тақия киді”, – деп жазады танымал продюсер.

Баян Мақсатқызының қаламгер ретіндегі алғашқы туындысы шілде айында оқырманмен қауышатын болды.

Пікір қалдырыңыз

[X]