Жарияланды: 443

Баян Есентаева сүйіктісімен бірге қызыл кілемнің үстінен жүріп өтті

Баян Есентаева сүйіктісімен бірге қызыл кілемнің үстінен жүріп өтті

Баян Есентаева сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовті шоу-бизнес жиындарынан тастамай ертіп жүретін болған. Бүгін ол алғашқы ұлттық телевизиялық “Тұмар” жүлдесінің марапаттау рәсіміне Алагөзовпен бірге келді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал продюсер айтулы іс-шарада сүйіктісімен бірге түскен суретін жүктеп қойды. Ал олардың қызыл кілемнің үстінен жүріп өткен видеосы желі парақшаларының бірінде пайда болды.

Баян Есентаева бұл күні ұзын етекті жасыл түсті дизайнерлік көйлек, ал Тұрсынғали Алагөзов смокинг киді. Қос ғашық бұл күні фотографтардың жұмысын жандандырды.

Айта кетейік, продюсер алғашқы ұлттық телевизиялық жобаға қонақ ретінде шақыртылған. Өз жобаларын Есентаева келесі жылға дайындамақ.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]