Жарияланды: 679

Бес жүз баласы бар Бруно. Америкалықтың жан тебірентер хикаясы

Бес жүз баласы бар Бруно. Америкалықтың жан тебірентер хикаясы] Сурет - Facebook/Bruno Serato

Бұл азаматтың аты-жөні – Бруно Серато. Ол Италияның Верона қаласында жеті балалы кедей отбасында туып-өскен. Бруно осыдан 30 жылдан аса уақыт бұрын АҚШ-қа барып, сонда ыдыс жуушы болып жұмыс істей бастайды. Ал бес жылдан кейін аспаз болады.

Сосын White House атты өз мейрамханасын ашқан, деп жазады TengriMIX. Онда қазір атақты адамдар тамақтанады. Бруно 2003 жылы жағдайы нашар отбасылардың балаларына ақша жинаумен айналысатын жобаны қолға алып, оны өз анасының құрметіне «Катеринаның клубы» деп атаған.

Екі жылдан кейін шешесі келгенде, Бруно оны өзі көмек беріп жүрген қайырымдылық орталығына алып барады. Сондағы аш балаларды көрген Сератоның анасы «Бруно, мейрамханаңа бар да, мына балаларға кешкі ас әзірлеп бер» депті. Орталықта елуден астам жеткіншек бар еді. Бруно соған қарамастан шешесінің айтқанын істейді.

Серато содан бергі 12 жыл бойы күнде кешке балаларға ас әзірлеп жүр. Қазір ол күн сайын мыңға жуық баланы тамақтандырады. Енді Бруно күллі әлемнің адамдары өзінен үлгі алса ғой деп ойлайды.

Оның жасы қазір алпысқа таяды. Бірақ оның әлі күнге дейін туған баласы жоқ. «Менің балалы болғым келген емес. Ал енді қараңыз, менде олар 500-ден асады» дейді Бруно.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]