Білім министрі латын әліпбиіне көшуге байланысты пікірін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі латын әліпбиіне көшуге байланысты пікірін айтты

Білім министрі латын әліпбиіне көшуге байланысты пікірін айтты

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Президенттің қазақ тілін латын қарпіне көшіруге қатысты тапсырмасы жайлы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

  • 18 Сәуiр 2017
  • 524
Фото - Caravan.kz

"Меніңше, процесс ұзақ уақытты алады. Барлығына да сақтықпен қараған дұрыс. Президенттің өзі бұл туралы айтты. Биыл біз мамандармен және ғалымдармен талқылаймыз. Жыл соңына қарай қандай да бір шешім ұсынамыз. Осыдан кейін ғана мектептерді дайындау басталады, белгілі бір кесте жасалады. Жүзеге асырылу мерзімі жайлы ештеңе айта алмаймын. Жыл соңына қарай айтарлықтай шешім мен мәлімет болады", — деді Сағадиев үкімет отырысының үзілісінде. 

Министр Қазақстан Өзбекстанға және Әзірбайжанға делегация жіберіп, осы елдердегі латын қарпіне көшу бойынша тәжірибе алуы керек. 

"Сапалы зерттеу жүргізіп, ненің қате, ненің дұрыс екенін пайымдаса жеткілікті. Сол елдер қандай қателік жібергенін көруіміз керек. Бірінші кезекте сараптама жұмысы жүргізілуі тиіс, сосын ғана мемлекеттік органдарымыз бен депутаттарымыздың талқылауына ұсынылуы керек. Осыдан соң ғана нақтылай сөйлеуге болады", — деді министр.


 

Соңғы жаңалықтар