Жарияланды: 82600

Біреудің тоқалы болғанша, қаншық болғаным артық - Айжан Байзақова

Біреудің тоқалы болғанша, қаншық болғаным артық - Айжан Байзақова

Жастықтың буы ма, әлде жай ғана рөлді сомдау ма? Айжан Байзақова – желідегі ең атақты қыздардың бірі.

Instagram желісінде ашықтан ашық фотосуреттерін салуды дәстүрге айналдырған Айжан қыз күллі қазнетке әйгілі

Егер жұртшылықтың бір жартысы оны қазақ қыздарын ұятқа қалдырып жүр десе, келесі біреулер оның батылдығы мен табандылығына таң қалуда.

Алайда Байзақованың күллі қазнет назарында жүргенін теріске шығару мүмкін емес. Соңғы кездері атышулы қыз жәй ғана фотосуреттер емес, сонымен қатар өзінің қандай керемет те көркем қыз екені туралы посттар да жазып жүр.

Сaravan.kz ұзақ уақыт бойы сұхбат бермей жүрген Айжан Байзақовамен кездесіп, жұртшылықты қызықтыратын сұрақтарға жауап алды.

- Айжан, қайырлы кеш. Бірден Сізге қояр сұрағым: желіде «Байзақова феномені» пайда болды деген оймен келісесіз ба?

- Мен өзімді сондай бір феноменге тұрарлық деп есептемеймін. Менің Сізге айтарым – 80 пайыз қазақ қыздары мен сияқты ғұмыр кешеді. Бірақ олар қысылып, оны айтуға және көрсетуге ұялады.

Неге Байзақова бәріне танымал? Себебі, менің парақшамда ашық, әдемі суреттермен қатар, батыл айтылатын ойларым да бар. Ал кейбір қыздар тек қана ашық-шашық суреттерін ғана салып, әйгілі болғысы келеді. Ол жеткілікісіз. Сіздің көптеген нәрселерге, кішкене де болсын өмірлік көзқарасыңыз болуы тиіс.

Иә, мен керек болса балағаттай да аламын, немесе елдің жынын келтіретін «ыстық» суреттерді де сала аламын.

- Сіз «Ұят» деген түсінікке қалай қарайсыз? Әр нәрсенің шегі болады дегенге келісесіз ба? Немесе Сізге бәрібір ме?

- Мен өзімнің сырт келбетімнен және ойларымнан ұялмаймын. Алайда, әрине кейбір нәрселерді істеуге мен өзіме жол бермеймін. Мысалға, үлкендердің арасында ұятсыз сөздер айтуға немесе балағаттауға ешқашан да бармаймын. Анама мен тіптен «Сіз» деп сөйлеймін.

Ұят туралы айтатыным: көптеген қыздар жақсы қыздың кейпін жамылып, өздері біреудің тоқалы болып жүр. Мен ондай болғанша ең ұятсыз, бетсіз қаншық болуды қалар едім.

Бірақ бізде, өкінішке орай, адам туралы оның парақшаларынан, жазылған посттарынан ой-пікір қалыптастыру өрістеуде. Бірақ маған бәрібір. Не ойласа, соны ойлай берсін. Мен ешқашан біреудің тоқалы немесе көңілдес қызы болмаймын. Уақыты келгенде, күйеуге шығып, зор махаббатта ғұмыр кешкім келеді.

- Ал ата-аналарыңыз Сіздің айналысып жүрген ісіңізден хабардар ма?

- Иә, анам тіпті кезінде менің Инстаграм парақшама жазылған. Қазірдің өзінде ол менің посттарымды фейк (шынайы емес - автор) парақшадан бақылып отырған сияқты (күледі).

Әрине, бастапқыда оған менің жазбаларымды көруге ыңғайсыз болды. Алайда, уақыт өте келе менің өмірдегі және желідегі кейпім – екі түрлі екенін түсінді. Оған қоса үйдегілер менен бір нәрсені сұрап шаршады.

«Сен қашан өзінің шынайы келбетінді көрсетесің? Елдер сені соңғы жезөкше деп ойлап қалады ғой», - деп күнде маған айтады.

Ал бірақ менің оларға жауабым, мен актрисамын. Бұл менің кинотуындым десем де болады. Мен өзімнің кейпімді, тіпті керек десеңіз, «образымды» таптым. Енді оны дамытатын боламын.

- Яғни, Байзақова желіде және Байзақова өмірде – 100 пайызға екі түрлі адам десек бола ма?

- Иә, бірақ 100 пайызға емес. Әрине, мен өмірде де ішімдік ішем, темекі шегемін, боқ ауыз сөз айтамын, бірақ желідегідей емес. Мен бұған дейін айтып өткенімдей, қазақ қыздарының 80 пайызының кейпін көрсетудемін. Барлық қыздар мен сияқты. Бірақ оны ашық көрсетуге ұялады.

- Инстаграм желісінде блогыңызды ашқан кезде, бастапқыда белгілі бір мақсат болды ма?

- Жоқ, шыны керек, бұндай дәрежеде әйгілі болып кететінімді күткен жоқпын. Ең басында менде тек 10 000-дай аудитория болған. Бір күні дос қызым екеуіміз ойнап, әзілдеп, менің ашық, жартылай жалаңаш фотосуретімді желіге жібердік.

Бір сағаттың ішінде маған 60 000 адам жазылды. Осы кезден бастап мен туралы Қазнетте жиі айта бастады.

Маған қазақ қыздарын ұятқа қалдырып жатсын деген сөздер айтылды. Шыны керек, мені біреу далада басымнан бір ұрып кетпейді ма деп қорыққан кездерім де болды.

Бірақ мені көшеде адамдар таниды: 10 адамның 7-еуі десем артық болмас.

- Сіздің жазбаларыңызда жұртқа деген белгілі бір месседж (үндеу - автор) бар ма?

- Бар, бірақ шыны керек, мен ондайдан қазір аулақпын. Кезінде мен бір рет дінге байланысты жазба істегенмін.

Маған халық бірден былай деп жазды: сен мұсылмансың ғой, қазақ ұлтын неге ұятқа қалдырасың? Ал мен оларға: «Мен мұсылманмын деп ешқашан айтқан емеспін, онымен қатар барлық қазақ қыздары инабатты да ибалы деп ойламаймын» деп жауап қайтардым.

Тағы да қосып айтарым: мен тіптен феминист қыз емеспін. Мен жігіттерді ұнатамын. Сонымен қатар, байырғы гендерлік дәстүрлерді де қолдаймын. Ер адам шаңырақ иесі болуы керек. «Үйге жігіт ет әкеліп, әйелі одан тамақ дайындауы тиіс» деген афоризм маған өте ұнайды.

Ал қазір бәленің бәрі сол қызға ұқсап кеткен ұлдардан шығып отыр. Солардың «арқасында» мықты әрі тәуелсіз әйелдер көбейіп барады. Мысалға, менің жанымда нағыз еркек болса, мен де мүмкін кішкене де болсын тынышталар едім.

- Сізге біреулер сес көрсетіп, қорқытқан кездер болды ма?

- Иә, менің парақшам жаман ойларға толы. Оған үйренгенмін. Алайда, бір кездері маған кәдімгідей қоқан-лоққы көрсеткен жігіттер кездесті.

«Сен қазақ ұлтын ұятқа қалдыратындықтан, сені зорлап, жаныңды шығарамыз» деп жазды біреулер. Мен оларға қорықпай, кешкі 11-де Чечилл пабқа сөйлесуге шақырдым. Бірақ ешкім келген жоқ. Қорқақтар ғой, не істейсің.

- Сіз жуырда өзіңіздің атымен аталған “Bayzakova pub” кафе-барын ашқаныңызды естідік. Ол, естуім бойынша, Алматыдағы Байзақова көшесінде орналасатын болады.

- Иә, енді бірер уақытта оны кішкене жандандырып, толыққанды барға айналдырайын деп отырмыз.

Шыны керек, бастапқыда осы ойға көре алмаушылықпен қарағандар көп болды. Бірақ, маған бәрібір, кім не десе де. Ең бастысы, мен бұл жобаға тиянақты түрде қарап, оны дамытуға бар күшімді саламын.

- Алдағы жоспарларыңыз қандай?

- Менің арманым – режиссер болу. Соңына дейін оқуды бітіріп, өзімнің кинотуындыларымды түсірсем, арманым жоқ болар еді.

Пікір қалдырыңыз

[X]