Биыл елімізде 602 шақырым автомобиль жолы салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл елімізде 602 шақырым автомобиль жолы салынады

Биыл елімізде 602 шақырым автомобиль жолы салынады

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатына қатысты. Министр онда депутаттарға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы туралы баяндады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 10 Сәуiр 2017
  • 347
Фото - Caravan.kz

2016 жылы Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен біріктірілді.

«Енгізілген өзгерістер бойынша 2017-2019 жылдары бағдарлама аясында ұзақтығы 4,4 мың шақырым, құны 1,7 трлн теңгенің 23 жобасын іске асыру көзделген. Биыл автожолдар реконструкциясына 356,2 млрд теңге, оның ішінде Ұлттық қордан 143,5 млрд теңге бөлінді», – деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Астана – Қарағанды, Орталық – Шығыс, Бейнеу – Ақтау, Орталық – Батыс, Қапшағай – Талдықорған, Петропавл – РФ шекарасы және Орал – Каменка сияқты ұзақтығы 602 шақырым болатын 7 ауыспалы жобада жұмыстар жалғасып, биылдың соңында аяқтау жоспарланған.

Министр атап өткендей, Республикалық бюджет және халықаралық қаржы институттарының (ХҚИ) қаражаттары есебінен жалпы ұзындығы 3,2 мың шақырым болатын 16 жаңа жобаның реконструкциясы басталмақ. Олар: Ақтөбе – Мақат, Атырау – Астрахань, Күрті – Бурылбайтал, Бурылбайтал – Балқаш, Мерке – Бурылбайтал, Талдықорған – Өскемен, Ұзынағаш – Отар, Жетібай – Жаңаөзен, Қалбатау – Майқапшағай, Үшарал – Достық, Бейнеу – Ақжігіт, Қостанай – Денисовка, Щучинск – Зеренді, Астананың Оңтүстік-Батыс айналма жолы, Осинов асуы, Таскескен – Бақты.


Жалпы автожолдар реконструкциясы жұмыстарына 100 мыңнан астам адам тартылады.

 

Соңғы жаңалықтар