Биыл «нөлiншi» сынып енгiзiледi - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл «нөлiншi» сынып енгiзiледi

Биыл «нөлiншi» сынып енгiзiледi

2017 жылдан бастап елiмiзде нөлiншi сынып пилоттық режимде енгiзiледi. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствон

  • 24 Ақпан 2017
  • 779
Фото - Caravan.kz

2017 жылдан бастап елiмiзде нөлiншi сынып пилоттық режимде енгiзiледi. Бұл туралы ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Нөлiншi сыныпты енгiзу – 12 жылдық оқытуға көшудiң, яғни «0+11» жүйесiнiң ең бiрiншi толқыны. Нөлiншi сыныпты толығымен 2019 жылы енгiзудi жоспарлап отырмыз. Оны мектепте және балабақшада оқуға болады. Пилот ретiнде биыл бастаймыз. Оқулықтар, бағдарламалар дайын. Ендi бiзде 1 мыңнан астам балабақша мен мектеп пилоттық жүйеге жазылған. Оның iшiнде бәрiне беремiз бе, соны талқылап, бiр шешiмге келемiз», — дедi бiлiм министрi.

Атап өтсек, 2016-2017 оқу жылында алты жастағы балғындар бiрiншi сыныпқа барса, келесi оқу жылында пилоттық режим енгiзiлген бiлiм мекемелерiнде балалар 5 жасынан бастап «нөлiншi» сыныпқа қабылданады. Осылайша, олар мектептi 18 жасында бiтiредi.


Соңғы жаңалықтар