Бодрумда демалып жатқан қазақстандықтар жағажайда қонуға мәжбүр болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бодрумда демалып жатқан қазақстандықтар жағажайда қонуға мәжбүр болды

Бодрумда демалып жатқан қазақстандықтар жағажайда қонуға мәжбүр болды

Қазақстандық туристер Түркия жағалауында тоқтаусы болған жер сілкінісіне байланысты жағажайда қонуға мәжбүр болды. Бодрум қаласындағы демалушылар осы түнді қалай өткізгенін Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді. 

  • 21 Шiлде 2017
  • 1416
Фото - Caravan.kz

"Біз кеше түсте келіп қоныстандық. Түні бойы жер сілкінісі болды, қатарынан алты жеті рет қайталанды. Түріктер мен европалықтар байбаламға салынды, ал бізбен бірге барған алматылықтар өздерін еркін ұстады, жер сілкінісне үйреніп қалған болуы керек. Негізінде Түркияда 3-4 жыл сайын жер сілкінісі болып тұрады екен. Түнді жағажайда өткізуге тура келді: ұйықтадық, қонақ үй әкімшілігі жарады, бізге жылы көрпешелер беріп, шәй берді. Барлығы жағажайдағы шезлонгтарды ұйықтады", — деді Бодрумда демалып жатқан алматылық қыз Зарина Әбденова. 

Оның айтуынша, ғимараттар құлаған жоқ. Қонақ үйдің сылағы түсіп қалған, алайда қатты бүлінбеген. 

Еске салайық, Түркияның оңтүстік батысында кем дегенде сегіз жерасты дүмпуі тіркелді. Еуропалық жерорта теңізі сейсмологиялық орталық (EMSC) өкілдерінің мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 6,7 баллға жеткен. Бодрум қаласының 70-тен аса тұрғыны медициналық көмекке жүгінген. 


 

Соңғы жаңалықтар