Боксшы Найман қандай оқыс мәлімдемелерімен елді дүрліктірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Боксшы Найман қандай оқыс мәлімдемелерімен елді дүрліктірді

Боксшы Найман қандай оқыс мәлімдемелерімен елді дүрліктірді

21 сәуір күні ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы, отандасымыз Қуат Хамитов ресейлік Магомедсайд Әлібековпен чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді. Көпшілікке Қуат Хамитов «Найман» деген лақап атпен танымал. Алакөл өңірінің тумасы Қуат «Найман» есімімен ғана емес, өзінің өткір мәлімдемелерімен де таныс.

  • 19 Сәуiр 2017
  • 4079
Фото - Caravan.kz

Кездесу қарсаңында Caravan.kz медиа-порталы өз жетістіктерімен танылып жүрген спортшының билікке қарата айтқан ащы мәлімдемелерін тағы бір мәрте еске алғанды жөн санады.

Ең әуелі "Найман" деген лақап атқа қатысты спортшы былай деген болатын:

Найман руынан, Қабанбай батырдың ұрпағы екенімді мақтан тұтамын. Біз ұлы әрі батыр тайпамыз. Менің ата-бабам батырлар болған. Тіпті, Шыңғысханның өзі наймандарды құрметтеген. Менің лақап атымды өзгерткісі келетіндер алдымен мені өлтіруі керек. Онда да ештеңе өзгермейді.

Қуат Хамитовтың ерекшілігі елдегі қоғамдық-саяси оқиғаларға бей-жай қарамайды. Ол міндетті түрде өз пікірін білдіреді. Мәселен, шетелдік жігіттерге тұрмысқа шыққанның не сөкеттігі бар, деген қазақ қыздарына былай деген болатын:

Ұлтты жою үшін алдымен әйелдерін азғыру керек. Сонда олар нағыз жауынгер тәрбиелей алмайды. Менің ата-бабаларым ұрпағым Отанын сатсын, тәнін мен жанын саудаласын деп қан төккен жоқ. Қыздарымызды жатжұрттықтардың көз алдымызда алып кеткенін масқара күйде көрсін деп ер бабаларымыз төсектен безініп, қан майданда жан берген жоқ. Әттең, арғы аталарым Қабанбай дәуірінде тумағаныма өкінемін.Онда мен біздің аруларға үйлену туралы ойлағандардың өзін басын шабар едім!

Елдегі міндетті уақытша тіркеу заңына көңілі толмаған “Найман” кімде-кім тіркеу туралы мәселемен келетін болса ұрып жығамын!- деп мәлімдеді:

Алматыдан 100 шақырымға ұзап шықсаң, мүлде басқа өмір. Жолдар 1945 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жастар ішімдікке саланып жатыр. Енді осыдан соң адамдар өз елінің ішінде жүріп-тұрғаны үшін ақы төлеуі керек екен. Құдай атымен ант етемін, кімде-кім маған осы сұрақпен келетін болса, сол жерде жер жастандырамын! деді

Ережесіз жекпе-жектен ММА шебері Қуат «Найман» жалпы билікке жиі-жиі шүйлігеді. Мәселен Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Раудың Мәжіліс депутаты болып тағайындалуына орай былай деді:

«Тағы бір депутат! Маған біреу депутат болу үшін не істеу керек екенін түсіндіріп бере ала ма? Бір күнде депутат болатындай олар не істеді? Біз бұл депутаттардың халық үшін ештеңе істемейтінін жақсы білеміз ғой. Бұл дегеніңіз залда бір рет те болмай чемпион атанумен бірдей. Біздің елде бар-жоғы 16 млн адам бар. 16 млн — Мәскеу мен Шанхайдың халық санының жартысы ғана. Олардың бітпейтін мәселелерін топ болып шеше алмай жатыр. Яғни, бұл қалалардың мэрлері жұмысын біздің барлық шенеуніктерден көрі жақсы атқарады деген сөз емес пе? Оларға Астананың атын ауыстыру немесе пайдасыз зәулім құрылыстарға біреудің атын беру сияқты жұмыстармен айналысқанша, халықты ойлау керек. ……. Егер маған біреу келіп, сөздерімнің бұрыс екенін айтса, ертең-ақ өзімді өлтіремін!»— деп жазды Хамитов,

Ал кейін тағы бір мәлімдеме жасап, Серік Сәпиев пен Альберт Раудың депутат болуына байланысты кезекті ойын жеткізді.

"Серік Сәпиев бұған лайық, ол біздің чемпион және ол көп жыл бойы туымызды көтеріп, елімізді танытты. " Меніңше, Серік Сәпиев депутат қызметінде көп іс тындыра алады» ,-деді.

"Альберт Раудың ғана тағайындалуы емес, сонда барып жатқандардың барлығына наразымын. Себебі қызметке келген әрбір адам белгілі бір бағдарламасымен баруы керек, халықтың жағдайын жақсарту керек, нақты мәселелерді шешуі керек. Осыған дайын болсаңыз қаққан қазықтай отыра бермей, батыл болыңыз да "қолымнан іс келмейді, кетуге мүмкіндік беріңіздер" деуіңіз керек. Бұл барлығына қатысты", — дейді спортшы.


Ауылдың қиын жағдайын жиі көретін Қуат Хамитов күйзелген елдің ауыр жағдайына бей-жай қарай алмайьынын білдіріп, халық қалаулыларына қарата тағы бір мәлімдеме жазған болатын.

Бұл видео 50 елдің қатарындамыз деген ақымақтар үшін Бұл мен көрген ауылдардың кішкентай ғана бір бөлшегі әрі көптеген ауылдарда кездесетін жағдай…..Әлі қанша нәрсе жасау керек. Ал біз мақтанумен ғана келеміз! Ешкімге керексіз пиар үшін миллиондаған ашқа жұмсаймыз! Бізде соғыс жоқ, шүкір, деген сөзді айтқанды доғару керек! Айлығын айтып жылаған депуттарға айтарым одан да ауылға барып, іспен айналысып, сонда тұру керек!

Сондай-ақ Қуат Хамитов Геннадий Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегіне қатысты пікір білдіріп, көпшілік ұнамайтын сөз айтты."Найман" GGG-ді жеңісімен құттықтап, бұл жұдырықтасудың тең түскенін және Головкинге рингті ендігі босату қажет екені жайында ойлануды меңзеді:

"Жеңіс құтты болсын! Раунд бойынша 5-7 Джайкобстың пайдасына. Нокдаун бар. Минимум бұл ешкімге де тиесілі емес! Міне неге біздің Головкин мен Уордтың жекпе-жегін көре алмайтынымыз. Генаға бокстан кеткен жөн! Жасы келді", — деп жазды "Найман".

Әйтседе бұл мәлімдеме көпшіліктің түсінбеушілігін әрі наразылығын тудырды. Найман Головкинге қарсы ма әлде қызғана ма деген сөздер де айтылмай қалмады. Бұған артынша Қуат Хамит әлеуметтік желіге тағы да өз ойын жазды.

Мен әрдайым Головкинге жанкүйер боламын, бірақ бүгін ол жеңген жоқ! Тең түсті, алайда саясат жеңіп кетті. Қызғанады, көре алмайды дегенді қойыңыздар, Мен әрдайым шындықты айтамын. Адамдардың пікірлерін ешқашан оқымаймын және түкіргенім бар! Алға #GGG", — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Ол өзінен ақыл сұрайтын жас спортшыларды да естен шығарған емес. Мына кеңесі соларға арналыпты.

Маған спортта жетістікке қалай жетуге болады, деп жағдайы төмен отбасылардан балалар көп жазады. Оларға айтарым, менің де жағдайым қиын болған, менде ашыққанмын, кедейлікті де көрдім, бәрін бастан өткердім. Өз қатарым қыдырып жүргенде, мен ауыр жұмыстар істеп жүрдім. Бірақ өзіме сенуді доғарған жоқпын. Сондықтан бұл балаларға айтарым, не жағдай болса да бар күшіңмен жұмыс істе, өзіңе сен!

Соңғы жаңалықтар