Бүгін Астанада ауа райы бұзылады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астанада ауа райы бұзылады

Бүгін Астанада ауа райы бұзылады

«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, Астанада бүгін қатты найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр екпінді жел соғады, сонымен қатар топырақ үсті 2 ° дейін қатқақ болады.

  • 12 Қыркүйек 2017
  • 215
Фото - Caravan.kz

Қала көшелерін, жеке тұрғын үй секторларын, және жерасты өткелдерін су басуы ықтимал. Сонымен қатар желдің қатты соғуынан ағаштар құлауы мүмкін. Сол себепті шаһардың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Астана басшылығы қала қонақтары мен тұрғындарын жылы киініп, барынша қауіпсіздік шараларын сақтауды және қандай да бір төтенше жағдай орын алса, 109 бірыңғай қалалық қызметіне хабарлауды сұрайды.

Бұдан бөлек, жолдарда кептелістер болады деп болжануда. Жүргізушілерге көліктік коллапсқа тап болмауы үшін қала ішіндегі сапарларын алдын ала болжаған абзал.


Соңғы жаңалықтар