Бүгін Астанада жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Астанада жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді

Бүгін Астанада жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді

Бүгін Астанадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді.

  • 22 Қыркүйек 2017
  • 159
Фото - Caravan.kz

Қаланың жұмыс берушілерінен елордалық жұмыс іздеушілерге әртүрлі салада 50-ге жуық мамандықтар ұсынылады. Оның ішінде QAZAQBANKI, Казкомерц банк, Тұрғын үй құрылыс банкі, Ішкі істер департаменті, Ұлттық ғылыми медициналық орталық, Ұлттық музей, Ақмола вагон жөндеу зауыты, «GLB» ЖШС және тағы да басқалар бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.

Бұдан бөлек, 500-ге жуық әртүрлі мамандықтар ұсынылады. Атап айтар болсақ: несие кеңесшісі, менеджер, қаржыгер, кассир, ішкі істер органының қызметкерлері, арнайы маман дәрігерлер, электрдәнекерлеуші, жонушы, кран машинисті, өнер мамандары мен мәдениет және басқалар.


Соңғы жаңалықтар