Бүгін бірнеше облыста күн аяз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін бірнеше облыста күн аяз болады

Бүгін бірнеше облыста күн аяз болады

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек батыста, солтүстік-батыста кей жерлерде аздаған қар жауады. Бірнеше облыста қатты аяз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

  • 22 Қаңтар 2018
  • 121
Фото - Caravan.kz

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, батысында көктайғақ, солтүстік батыста кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жел 18 м/с, түнде жаяу бұрқасын болады.

Атырау облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Павлодар, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40°С, 24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде -35°С болады.


22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С жетеді.

Астана қ: 23-26 қаңтар аралығында қатты аяз түнде -35-40°С, күндіз -27-32°С болады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95 %.

Соңғы жаңалықтар