Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметіне сәйкес, бүгін ел аумағының басым бөлігінде қар жаууы ықтимал. Тек оңтүстік-шығыста ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде бұрқасын, көктайғақ, тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

  • 9 Қаңтар 2018
  • 114
Фото - Caravan.kz

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Павлодар облыстарында күндіз жел екпіні 23-28 м/с болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с жетеді, түнде кей жерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, бұрқасын болады.

Қарағанды облысының кей жерінде бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде бұрқасың, көктайғақ, басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Күндіз кей жерінде бұрқасын болуы ықтимал.


Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ, күндіз жел тұрып, 15-20 м/с жетеді

Соңғы жаңалықтар