Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын блады. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі.

  • 23 Қазан 2017
  • 152
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с-ға жетеді, кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең — тұман.

Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.


Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, найзағай күтіледі.

Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс-Қазақстан областырында тұман күтіледі.  

 

Соңғы жаңалықтар