"Бұл қандай планетадан келген адам?" Димаш Құдайбергенді алғаш көрген шетелдік осылай деп таңданған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл қандай планетадан келген адам?" Димаш Құдайбергенді алғаш көрген шетелдік осылай деп таңданған

"Бұл қандай планетадан келген адам?" Димаш Құдайбергенді алғаш көрген шетелдік осылай деп таңданған

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әр халық өкілдерінің Димаш Құдайбергенге қатысты пікірлері.

  • 13 Желтоқсан 2017
  • 16577
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz. ерекше дауысымен әлемге танымал болған Димаштың өнеріне шолу жасаған Олжас Әбілдің Фейсбуктағы жеке парақшасында жариялаған жазбасын қаз-қалпында ұсынуды жөн көрді.


"Кеше ғаламтор бетінде қаптап кеткен Димаштың роликтерін қарап отырсам, қазір қандай да бір жұлдыздың өнеріне өз сүйіспеншілігіңді білдіру мода боп кеткен бе немене, әйтеу Димаштың да "реакция на Димаш" деген роликтері көп екен. Осы жүздеген роликтерде әлемнің түкпір — түкпірінен әр халық өкілдерінің реакциялары түсіріліпті. Олардың алған әсерлері керемет енді. 
"Бұл қандай планетадан келген адам?" деген шок бар көбінде. 
"Бұл қалай, былайша өлең айтуға да бола ма?" деген таңданыс та бар.
"Бұл жігіттің диапазоны қандай сонда?" деген сүйіспеншілікке толы, кәсіби қызығушылық та бар. 
Бұны көріп отырып кеудемді мақтаныш кернеді. 
Димаштай келешек ұлы тенорды дүниеге әкелген біздің қазекең жалпы ұлы халық қой. 
Баяғыда, даланың өнер тарландары аттың үстінде домбыраны күмбірлетіп, көкті мәуелетіп өлеңді жібереді екен. Олардың сондағы диапазонын кім өлшепті. Біздің ауыз әдебиетте тек олар туралы "оның үні ат шаптырым жерден естілетін еді", "қозы көш жерден талып естілетін", деген сөздер, естеліктер ғана бар. Оларда сахна болмады, олардың шексіз сахнасы — Ұлы Дала еді. 
Соның бірі Әміре болатын, сол қатардағы дала әншісі, Париждің барып басын шайқатып қайтты. Ал былай ол кісі дала жұрты үшін қарапайым әнші еді. Мына жақта да қарапайым боп дүниеден кете барды. 
Осы Димаш та — сондай халықтың өкілі. 
Кейде мен былай ойлаймын. Жалпы Димаштың пайда болуы — осындай халқымыздағы мойындалмаған даланың ұлы тенорларына елтіп үйренген қасиетті сары даламыздың бізге деген — яғни, сайлаубектерді өнер деп біліп, еліріп аза бастаған қоғамымызға деген ашуы болу керек. 
Қасиетті Ұлы Дала "әй, естеріңді жиыңдар, бір кездегі даланы керген үн, нағыз өнер деген мынау!" деп, ол бізге Димашты лақтырып жіберген болуы керек".

Соңғы жаңалықтар