БҰҰ сарапшылары Боқаев пен Аянды босатуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ сарапшылары Боқаев пен Аянды босатуды талап етті

БҰҰ сарапшылары Боқаев пен Аянды босатуды талап етті

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі сарапшылары Қазақстан билігін жер митингілеріне қатысқан азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды дереу босатуды талап етті.

  • 7 Желтоқсан 2016
  • 539
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Азаттық жазады. 

Атырау соты 28 қарашада Боқаев пен Аянды бес жылға соттаған. Белсенділер "әлеуметтік араздық тудырды", "жалған ақпар таратты" және "заңсыз митингтер ұйымдастырды" деп айыпталған.

Құқық қорғаушылар бірлесе жасаған мәлімдемесінде Аян мен Боқаевтың "азаматтық құқығын пайдаланғаны үшін ешқашан сотқа тартылмауы тиіс еді" делінеді. Мәлімдеме авторларының арасында БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі арнайы өкілі Мишель Форст, бейбіт жиын және ассоциация жөніндегі арнайы өкілі Майна Киаи және ой-пікір еркіндігін қорғау жөніндегі арнайы өкілі Дэвид Кайе бар.

"Мұндай процессуалдық және процедуралық заң бұзушылықтар болды делінген мұндай сот тергеу Қазақстанның ада құқығы саласында өзіне алған міндеттемелеріне, оның ішінде Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге қайшы келеді" делінген құжатта.


Боқаев пен Аян өздеріне қарсы істің саяси астары бар деп біледі. Олар сәуірде Атыраудың орталық алаңында жерді жекешелендіру және шетелдіктерге жалға беру туралы заң жобасына қарсы мыңдаған адам шыққан митингіге қатысқан соң ұсталған.

Соңғы жаңалықтар