"Челси", "Арсенал" немесе "Милан" Астанада өнер көрсетуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Челси", "Арсенал" немесе "Милан" Астанада өнер көрсетуі мүмкін

"Челси", "Арсенал" немесе "Милан" Астанада өнер көрсетуі мүмкін

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанаға еуропалық ең танымал футбол клубтарының бірі келіп, Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізуі мүмкін.

  • 3 Сәуiр 2017
  • 226
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz порталына Астана қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев мәлімдеді.

"ЭКСПО қарсаңында біз Еуропадан үздік командалардың бірін күтіп отырмыз. "Челсимен", "Миланмен" және "Арсеналмен" келіссөздер жүріп жатыр. Олардың талаптары біреу ғана — алаңның барлық стандарттарға сәйкес келуі", — дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда "Астана-Арена" стадионын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Бұл жөндеу жұмыстары 1 мамарыға дейін аяқталады.


Айта кетейік, Астанаға келген еуропалық футбол клубтарының бәрі стадионның сапасына наразылық білдіріп, оның сын көтере алмайтынын айтып кететін.

Соңғы жаңалықтар