Чемпион ретінде төбемізге көтерген Винокуров неге өзге елдің жобасын қаржыландырған? - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чемпион ретінде төбемізге көтерген Винокуров неге өзге елдің жобасын қаржыландырған?

Чемпион ретінде төбемізге көтерген Винокуров неге өзге елдің жобасын қаржыландырған?

Күні кеше Монако мемлекеті ЭКСПО-2017 көрмесінде ашылатын өзінің ұлттық павильонын таныстырған болатын. Сол жерде күн энергиясы негізінд

  • 19 Мамыр 2017
  • 1989
Фото - Caravan.kz

Күні кеше Монако мемлекеті ЭКСПО-2017 көрмесінде ашылатын өзінің ұлттық павильонын таныстырған болатын. Сол жерде күн энергиясы негізінде жүретін велосипед қойылмақшы. Аталған жобаның демеушісі — Олимпиада чемпионы, қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалайша өз чемпионымыз өзімізде өтейтін деп тұрған көрмеде бөгде біреудің жобасын қаржыландырып отыр?», — деп сұрады журналситер ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдан. «Шынымды айтсам, мен өз чемпионымыздың Монаконың жобасын қаржыландырғаны жайында білген жоқпын. Оны енді ғана естіп отырмын. Біз аталған мәліметті ескереміз. Алдағы уақытта ондай инновацияларды енгізгенде өзіміз белсене атсалысатын боламыз», — деді Скляр бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. Айта кетейік, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясындағы инновациялық жобаларды іріктеу жұмысына ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жауапты. Көрме кезінде арнайы аймақ ашылады. Сол жерде баламалы энергетика, саласындағы қазақстандық инновациялар таныстырылады.



 

Соңғы жаңалықтар