Честер Беннингтон өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Честер Беннингтон өзіне қол салды

Честер Беннингтон өзіне қол салды

Linkin Park америкалық рок-тобының солисі Честер Беннингтон суицид жасады. 

  • 21 Шiлде 2017
  • 219
Фото - Caravan.kz

Полицияның мәліметінше, әнші Калифорния штатындағы Лос-Анджелес округінде өз үйінде асылып қалған күйі табылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz TMZ ақпаратына сүйеніп.

Оның мәйіті 20 шілдеде таңғы уақытта табылғаны айтылады. Кейін Лос-Анджелес билігі әншінің қазасын TMZ, Variety басылымдарына растап берді. 

Честердің өз-өзіне қол салғаны жайлы Twitter желісінде Linkin Park рок-тобының негізін қалағандардың бірі, вокалшы, гитарашы Майк Шинода растады.

"Есеңгіреп қалдым, жүрегім жараанды, бірақ бұл рас. Біз ресми мәлімдемені дайын болғанда жариялаймыз", — деп жазды музыкант.


TMZ мәліметінше, Беннингтон көп жылдан бері алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен арыла алмаған. 41 жастағы музыканттың бірнеге әйелден алты баласы бар. Сондай-ақ, Честердің өз досы, Soundgarden тобының фронтменті Крис Корнеллдың туған күнінде суицид жасағаны айтылады. Ол да суицид жасаған болатын. Честер қайғылы оқиға болатын күні Криске ашық хат жазған. 

Соңғы жаңалықтар