Жарияланды: 140

Цукерберг Facebook желісінде болатын тың өзгерістер жайлы айтты

Цукерберг Facebook желісінде болатын тың өзгерістер жайлы айтты Сурет - detboxfon.ru

 

Facebook негізін қалаған Марк Цукерберг әлеуметтік желі жариялымдарының басымдығы өзгеретінін хабарлады. Мұны ол әлеуметтік желідегі өз парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды delavill.com.

Цукербергтің сөзінше, Facebook желісінде жаңалықтар мен жарнама мазмұнындағы жариялымдар саны азайтылып, желі қолданушысының отбасы мүшелері тарапынан контент көбірек болады. "Жаңалықтар таспасы о бастағы мақсатынан - адамдарға бір-бірімен араласуға көмектесуден ауытқып кетті", - деп жазыпты Марк Цукерберг. Сонымен қатар, ол әлеуметтік желіге өзгерістер енгізу жұмыстары басталып кеткенін және оның аяқталуына бірнеше ай керек болатынын да айта кетті.
 

Закрыть