Жарияланды: 1100

Далада адамдармен бірге мойнын созып күрес көріп тұрған түйе жұртты қайран қалдырды

Далада адамдармен бірге мойнын созып күрес көріп тұрған түйе жұртты қайран қалдырды

Ғаламторда адамдардың артында мойнын созып, күрес көріп тұрған түйенің видеосы таралды. Ал бұған желі қолданушылары шынымен де қайран қалып жатыр.

Бұны қазақ тілі үшін күресіп жүрген түрік журналисі Оғыз Доған өзінің Фейсбуктегі парақшасына бұрынырақ салыпты, деп хабарлайды Caravan.kz.

Кадр сыртында тұрған адам: «Қарашы, қандай керемет! Түйенің де халықпен бірге жарыс көріп тұрғаны қандай тамаша!» деп бұл көрініске таңданып тұрғанын жасырмайды.

Видеоның астындағы пікірлерге қарағанда, бұл бейнежазба Ақтөбе өңірінде қазақтың өмірден ерте озған (30 жасында) көрнекті ақыны Төлеген Айбергеновке арналып өткізілген ас кезінде түсірілген.

Posted by Оғыз Доған on Saturday, August 26, 2017

Пікір қалдырыңыз

[X]