Жарияланды: 80

Дәрігерлер Алматыда тоққа түскен ер адамның жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Алматыда тоққа түскен ер адамның жағдайы туралы айтты

Алматының орталығында тоққа түскен ер адамның халі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

№4 аурухананың күйік бөлімшесінің меңгерушісі Нұржан Бикоңыров ер адамның жағдайы туралы айтып берді. 

"11.55-те ауруханаға екінші дәрежелі электр жарақаты диагонозымен 1992 жылы туған ер адам жеткізілді. Беті, денесі, аяқ-қолдары күйіп қалған. Күйіктен алған шок екінші дәрежелі деп бағаланып отыр", — деп әңгімеледі дәрігер. 

Оның жағдайы ауыр, ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқас арнайы күйікке қарсы керуетке орналастырылған. 

Ер адам құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде тоққа түскен. Оқиға Гоголь және Төлебаев көшелерінің қиылысында болды. 



 

Пікір қалдырыңыз

[X]