Денис Тен Қысқы Универсиадаға қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Тен Қысқы Универсиадаға қатысады

Денис Тен Қысқы Универсиадаға қатысады

Мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстанның студенттер құрамасы 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қызу дайындық үстінде. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Универсиада дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

  • 31 Қазан 2016
  • 563
Фото - Caravan.kz


 «Мәнерлеп сырғанау бойынша қазақстандық команда алдағы студенттік ойындарға қызу дайындықты бастап кетті. Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев сынды ерлер құрамасы АҚШ-та жеке бапкерлермен жаттығып жатыр, ал әйелдер құрамасындағы Айза Иманбек пен Регина Глазман Алматыда дайындалуда», — деді мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Құралай Узурова.

Бапкердің айтуынша, өткен юниорлар арасындағы Гран-Приде Айза Иманбек жақсы нәтиже көрсеткен. Барлық бапкер Универсиада-2017 ойындарында Айза Иманбектің он үздік спортшы қатарына енетініне сенімді. Бірақ, Қазақстан құрамасындағы негізгі алтынға үміткер Денис Тен. «Біз алдағы Универсиада-2017 ойындарында медальдар жеңіп алуға тырысамыз. Алтын жүлдеге негізгі үміткер Денис Тен, ол студенттік ойындарға қатысуға шешім қабылдады және қазір жоғары деңгейде өнер көрсету үшін дайындық үстінде», — деп атап өтті Қ.Узурова. Алдағы Универсиада 2017 ойындарындағы Қазақстан құрамасы сапында мәнерлеп сырғанау бойынша 10 спортшы бақ сынайды. 

Соңғы жаңалықтар