“Димаш” және “Қазақстан” қытайлар ең көп іздейтін сөздер қатарына кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Димаш” және “Қазақстан” қытайлар ең көп іздейтін сөздер қатарына кірді

“Димаш” және “Қазақстан” қытайлар ең көп іздейтін сөздер қатарына кірді

Бұл туралы Информбюро басылымы жазады деп хабарлайды Stan.kz.

Димаштың менеджері Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, музыкалық байқаудың алғашқы кезеңінен кейін Димаштың өзіне және оның отанына деген қызығушылығы артқан. Сондай-ақ, қытайлық фанаттар Димаш тоқтаған қонақ үйдің алдын торуылдап жүрген ұқсайды.

«Жанкүйерлер Димаштан қолтаңб?

  • 24 Қаңтар 2017
  • 1423
Фото - Caravan.kz

Димаштың менеджері Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, музыкалық байқаудың алғашқы кезеңінен кейін Димаштың өзіне және оның отанына деген қызығушылығы артқан. Сондай-ақ, қытайлық фанаттар Димаш тоқтаған қонақ үйдің алдын торуылдап жүрген ұқсайды.

«Жанкүйерлер Димаштан қолтаңба алып, онымен суретке түсу үшін біздің қонақ үйдің алдына жиналып жатыр. Кеше қыздар мейрамханаға барар жолымызды бөгеді. Олар Димашты видеоға түсіріп жатты. Бір жағынан бұл жағдайдың қызық көрінгені рас, дегенмен мұны өнерге құрмет деп түсінеміз», – дейді Алпамыс Шәрімов.

Оның айтуынша, Димаштың шырқаған әнін санаулы минуттың ішінде жарты миллион адам тамашалап үлгерген. Ал ғаламтор желісінде фан-парақшалар құрып, әншінің жаңа суреттері мен видеолары көптеп жүктелген.


Димаш Аспан асты елінде өтіп жатқан байқауға 2016 жылдың қыркүйегінен бастап дайындалған екен. Іріктеу кезеңінде қазақ әншісі бес ән орындаса, оның бірі қазақ тілінде болған. Ал Димаш сайыстың алғашқы күнінде орындаған француздың SOS d’un terrien en détresse әнін ұйымдастырушылар таңдаған.

«Көпшілік неге Димаш қазақ әнін орындамады деп сұрап жатыр. Француз тіліндегі әнді режиссерлер таңдап алды. Қазақстанның атын шығару үшін Димашқа алдымен өзін көрсету керек еді. Алайда алдағы уақытта қазақ әнін шырқауды жоспарлап отырмыз», – деп толықтырды Алпамыс Шәрімов.

Соңғы жаңалықтар