Димаш Құдайбергеннің Қытайда су тасқынынан зардап шеккендерге 14 миллион теңге аударуы елдегі қазақтардың наразылығын туғызды. Әлеуметік желілерде әншіге қатысты түрлі теріс пікірлер жазылды. Осыған байланысты әншінің әкесі Қанат Айтбаев ұлының ақша аударғанын теріске шығарып, көпшілікке facebook-тегі жеке парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
— Мен өзіміз жөніндегі көп жаңалықты баспасөз бетінен білемін…Димаш көрші елдің су басқан аймағына пəлен миллион аударыпты дегенді де жариялапты. Əр елдің салты басқа — Димаштың өнеріне тəнті қытайлық фирма өз жерлестеріне көмектесіп, біздің баланың атынан қаражат аударыпты. (Димаш ол деңгейге əзір жете қойған жоқ.) Бізге де, өздеріне де жақсылық жасағысы келген болар, депті Қанат Айтбаев.Президентке Қытайдағы қазақтардың халін айтқан Өмірхан Алтынның сөзінің жаны бар — Ауыт Мұқибек
Еске сала кетсек, Димаш Хунань провинциясындағы су тасқынынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқан Mango V қорына 300 мың юань (14 миллион теңге) көлемінде ақша аударған. Димаш аталған провинцияда өткен «Singer» байқауы арқылы әлемге танылғанын атап өтіп, ондағы зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді өзінің азаматтық парызы деп санайтынын жеткізген.