Душанбеде 11 адам аттракционнан құлап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде 11 адам аттракционнан құлап кеткен

Душанбеде 11 адам аттракционнан құлап кеткен

Душанбе қаласында 11 адам атракционнан құлап кетті, - деп хабарлайды Ca-news.org.

  • 15 Маусым 2017
  • 288
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан ІІМ мәліметінше, оқиға 13 маусымда болған. Жастар Орталық республикалық стадионында Тәжікстан-Филиппин арасындағы футбол кездесуінен шығып, паркке әткеншекке кірген.  "Бір сәтте 24 адам "Қайық" әткеншегіне мініп алған, шайқалғаннан кейін аттракцион ауыр салмаққа шыдай алмай, сынып кеткен", — делінген ІІМ хабарламасында. 

Қала прокуратурасы Исмоили Сомони ауданындағылар сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын және немқұрайлылық танытқан адамдардың жазаланатынын хабарлады. 

Қазіргі уақытта зардап шеккен 11 адам ауруханада жатыр. Саябақ қызметкерлері әткеншектің Қытайдан әкелгенін және 20 күн бұрын орнатылғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар