"Джейран" тобының жаңа клипінде қыздардың құйрығын бұлғаңдатып билеуі жұртқа ұнамай қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Джейран" тобының жаңа клипінде қыздардың құйрығын бұлғаңдатып билеуі жұртқа ұнамай қалды

"Джейран" тобының жаңа клипінде қыздардың құйрығын бұлғаңдатып билеуі жұртқа ұнамай қалды

Қыздардан құралған "Джейран" тобының жаңа бейнебаяны ғаламторға кеше салынды. Ал ән "Аймалашы" деп аталады. Жұрт клиптің анайылыққа шақыратын көріністері көп деп отыр. Youtube-тегі видеоның астына жазылған пікірлердің көбі бұл ұят дегенге саяды.

  • 17 Мамыр 2017
  • 4292
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

"Ринат Зайтов қайда? Патриоттар қайдасыңдар? Осындай арсыз, ұятсыздарды неге сөкпейсіңдер? Əлде сендердің саналарың Ерболат Беделхан мен 91-ді жамандауға ғана жете ме?" депті Әсел Аманғалиева есімді қолданушы.

"Қыз деген атаққа лайық болмай қалдыңдар, "Джейран". Ұялмайсыңдар ма? Сендердің жеміс ұстап түскендерің не нəрсені меңзейтінін білеміз. Оны ақымақ адамдар ғана байқамас. Мылтықты да қандай оймен түсіргендеріңді білеміз. Оны да ақымақ адамдар байқамай қалар. Бірақ адамның барлығы ақымақ емес! Әрине, əнші болып сахнада жүре бересіңдер ғой. Сендерді ешкім сахнадан қумайды! Бірақ тыңдармандарың аз болады, өйткені жиіркеніштісіңдер…" дейді Nazi Vokal ұзақ жазбасында.

Ал белгілі ақын, журналист Есей Жеңісұлы бұл туралы Фейсбуктегі парақшасына жазба жариялаған. 

"Ән айтатын арнаның бәрін пакеттің соңғы жағына тығып тастағаным жөн болған секілді ғой… 70 арнаның алғашқы 15-і — отандық, содан кейінгі 6-ы — спорт, сосынғылары — танымдық, отызыншыдан бастап — мультфильмдер тұр.


Бүгін "Аймалашы" деген әннің клипін көріп шошып кеттім. Мәссаған, 4 жастағы қызым көрсе не болады мынаны? Жеткен жеріміз "жақсы екен, жақсы екен"… Хвостын бұлғаңдатып, санын сипалайтын, үздігетін, аз болмаса жігітке тілін публично сүйдіретін жағдайға кеп қапты звездочкалар… Қашан кеп қалған? Не деген жылдамдық бұл? Қара сандағы тату қандай "ғажап"!

"Бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалма-жан" дейді журналист.

Соңғы жаңалықтар