Жарияланды: 1 2127

Эфирге қатысқан заңгер “Әйел бақыты” бағдарламасын “рейтинг қуған” деп айыптады

Эфирге қатысқан заңгер “Әйел бақыты” бағдарламасын “рейтинг қуған” деп айыптады]

“Әйел бақыты” бағдарламасының кезекті шығарылымы Мәскеуде құлдықта болған қазақ қыздарына арналды. Бағдарлама барысында бұған дейін екі бағдарламаға қатысқан қыздар қазіргі жағдайлары туралы айтып берді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ал тағдыр тауқыметін тартқан қыздардың құқығын қорғаумен айналысып жатқан заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек эфир барысында орын алған жайтпен бөлісті. Ол “Әйел бақыты” бағдарламасын шоуға айналып кеткен, оның басы-қасында жүргендер шын мәнінде құлдықта болған қыздардың тағдырына алаңдамайды деп айыптады.

Заңгердің наразалығын тудырған нәрсе – жарнама кезінде Ләйлә Сұлтанқызының қыздарға берген нұсқауы. Яғни тележүргізуші тікелей эфир кезінде мәселені нақтылап түсіндіріп бере алатын спикердің сөйлеуін өтінген.

“Бәрі жапырылып кетеді, барлығының айтатыны бір нәрсе, мына жақта кім көбірек өзін алып шыға алады? Түсінікті етіп айтатындай”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы жарнама уақытында.

Facebook-тегі парақшасына Айгүл Орынбек жарнама кезінде түсірілген видеоны жүктеп:

“Рейтинг үшін жасаған бұндай шоуларың құрысын! Бəрі экран бетінде əдемі көрінгісі келеді. Ал экраннан кейінгі жағдай мүлдем басқа. Қыздардың көз жасынан қорықсаңдаршы”, – деп жазды.

Заңгердің бұл жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Желідегілердің басым бөлігі Ләйлә Сұлтанқызы мен “Әйел бақыты” бағдарламасын айыптаған.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 20 апреля

Масқара

Сіздің пікіріңіз,

[X]