"Эйр Астанамен" соттасуға дайынмын - Оғыз Доған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Эйр Астанамен" соттасуға дайынмын - Оғыз Доған

"Эйр Астанамен" соттасуға дайынмын - Оғыз Доған

"Эйр-Астана" ұшағында жолсеріктен қазақ тілінде қызмет көрсетуін талап еткен түркиялық журналист Оғыз Доған әуе компаниясының үстінен жазған шағымын «Болашақ» қауымдастығымен бірлесіп жіберетінін хабарлады.

  • 16 Тамыз 2017
  • 1144
Фото - Caravan.kz

Доған мырза бортсеріктің тұтастай бір елдің мемлекеттік тілінде сөйлеуін талап еткені үшін айыппұл салу дегенді ұят іс деп отыр, деп хабарлайды Caravan.kz.

Оның айтуынша, егер компанияда тиісті адамдар жазаланып, өздерінен кеткен қателіктерін мойындаған жағдайда ғана екіжақты мәмілеге келу мүмкіндігі бар. Ал егер талаптар орындалмаcа, тікелей сотқа дейін баратынын мәлімдеді.


Ұшақта қазақша сөйлеуді талап етіп, елді шулатқан журналистің Түркияда шығатын "Қазақ елі" журналының Қырғызстандағы тілшісі екенін
 бұрынырақ хабарлағанбыз. Ол өз елінде қазақтардың ерекше құрметтелетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар