ЭКСПО кешенінде бірде-бір қалта ұрлығы тіркелмеген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО кешенінде бірде-бір қалта ұрлығы тіркелмеген

ЭКСПО кешенінде бірде-бір қалта ұрлығы тіркелмеген

Астана әкімдігінде елордалық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Малыбаев құқық қорғау органдарының бірінші жарты жылдықтағы қортындысы туралы баяндады.

  • 18 Тамыз 2017
  • 437
Фото - Caravan.kz

Астанада ағымдағы жылдың 7 айында 21 048 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға аз. Елордада 10 мың тұрғынға құқық бұзушылық 28,2%-ға азайды. Атап айтқанда аса ауыр қылмыс көлемі 40%-ға кемігені байқалады. Ауыр қылмыс 11,3% -ға, орта ауыр 12,1%-ға, ауыр емес қылмыс 29,7%-ға төмендеді.

Қалада ұрлық-қарлық, төбелес, пәтер тонаушылық, көліктерді тонау, алаяқтық, автомобильдерлі ұрлап кету, бұзақылық және қоғамдық орындарда қылмыс жасауға қатысты құқық бұзушылық азайғанын да атап өтті.

— Құқық қорғау органдары «нөлдік төзімділік» принципі бойынша 67,3 мың әкімшілік құқық бұзудың алдын алған. Апта сайын қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Ахуал орталығында өмір тіршілігін қамтамасыз ету және елордадағы криминогендік ахуалдың жағдайы мәселелері бойынша отырыс өткізіліп тұрады, — деп хабарлады ЖПҚ басшысы..

Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметінің жол патрульдік полициясы полкі толығымен бейнетіркеулермен жабдықталған.

«Тіркеу» жедел алдын алу шарасының қортындысы бойынша 342 мекен жай тексерілді, 288 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 236 азаматқа ескерту жасалды. 832 723 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. ҚРӘҚтК-нің 493 бабы бойынша ҚР 28 азаматына жалпы 453 800 теңге сомма көлемінде әкімшілік айыппұл салу жазасы қолданылды.

Анықталған 28 мекен жайда 1897 азамат тіркелді, аталған мекен жайлар бойынша 218 азаматтың тұрып жатқаны белгілі болды, ал қалған 1697 азамат тіркеуден алынып тасталды.


Елордалық полицейлер әкімдіктерменбірлесіп қала төңірегінде рұқсат етілмеген жерлерде қоқыстарды анықтау және үйіндісінің пайда болуына жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Мысалы, «HighVillKazakhstan» ЖШС құрылыс компаниясы «қала аумағын құрылыс қалдықтарымен ластау, қоқыс үю, өндірістік жұмыстарға бақылау жүргізбеу» ҚР ӘҚтК 2 бөлімі 505 бабы бойынша 680 700 теңге көлемінде, яғни 300 АЕК айыппұл салынды.

— Бүгінгі таңда ЭКСПО аумағында бірде-бір қалта тонау, алаяқтық, ұрлық және бұзақылыққа жол берілген жоқ. Полиция қызметкерлері тұрғындар мен қонақтар Астанада өздерін қауіпсіз әрі жайлы сезіну үшін барлық мүмкіндікті жасауда, — дейді Бақытжан Малыбаев.

Соңғы жаңалықтар