«ЭКСПО» көрмесіне келетін шетелдіктер қазақ тілін үйренеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЭКСПО» көрмесіне келетін шетелдіктер қазақ тілін үйренеді

«ЭКСПО» көрмесіне келетін шетелдіктер қазақ тілін үйренеді

Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде қонақтар қазақ тілін үйренуі мүмкін. Осы орайда Қазақстандық ақпараттық-көрме қауымдастығы жаңа жобаны қолға алып отыр. Жоба бойынша шетелдік азаматтар сайт арқылы қазақ тілін үйренеді.

  • 19 Қараша 2016
  • 614
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақстандық ақпараттық-көрме қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Шағыла Рахимжанова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Біз бірнеше қызықты жобаны қолға алып отырмыз. Соның бірі шетелден көрмеге келетін қонақтарға қазақ тілін үйрету. Сондықтан біз шетелдіктерге қазақ тілін үйретудің онлайн жобасын қолға алдық. Өзге елдің тұрғындары Қазақстанға келгенде қиындық тумас үшін біз онлайн жүйеде www.kazlang.com сайты арқылы қазақ тілін үйрететін боламыз. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде. 1 ай ішінде жобамыз аяқталады. Сол уақытта сайтты ресми түрде іске қосамыз. Нақты ақпаратты сол жерде айтамыз», — деді ол.

Сондай-ақ, Шағыла Рахимжанова жаңа сайтта қандай материалдар болатынын айтып қалды.

«Сайтта қазақ және ағылшын тілінде видео материалдар болады. Оларды біз дайындап жатырмыз. Бұл қазақ тілінің кеңінен таралуына өз септігін тигізеді», — деді ол.


Сонымен қатар, «Қазақстандық ақпараттық-көрме қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы жаңа жобаны насихаттау үшін шетелдік елшіліктер мен Google компаниясымен бірігіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отырғандығын айтты.

«Біз 80 елдің «ЭКСПО» көрмесіне жауапты комиссарымен және Google компаниясынан көмек сұрамақпыз. Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігі де қолғабыс етеді деген үміттемін. Біз осылайша сайтты шетелде жарналамайтын боламыз», — деп түйіндеді сөзін Шағыла Рахимжанова.

Соңғы жаңалықтар