ЭКСПО көрмесіне оқ-дәрілерді алып кірмек болған ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО көрмесіне оқ-дәрілерді алып кірмек болған ер адам ұсталды

ЭКСПО көрмесіне оқ-дәрілерді алып кірмек болған ер адам ұсталды

ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағына кіреберісте оқ-дәрі салынған пакет табылды.

  • 21 Маусым 2017
  • 248
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында Астана қалалық Ішкі істер департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ағымдағы жылдың 20 маусым күні сағат 11-де «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағының бақылау-өткізу бекетіне кіреберісте полиэтилен пакет табылды, ішінде 5 дана патрон болды. Елордалық полициейлер бейнебақылау жүйесінің көмегімен қысқа ғана уақыттың ішінде оқ-дәрі кімге тиесілі екендігін анықтап, күдіктіні ұстады. Ол Қарағанды облысының 22 жастағы азаматы болып шықты», — делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама қорытындысына сәйкес, оқ-дәрі зауыттық әдіспен жасалған және иір ойықты аңшы мылтығымен атуға арналған.


Тергеу амалдары басталды. Ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция ақпаратына сәйкес, көрме нысандарында 2 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған және олар Астана қалалық ІІД-нің жедел басқару орталығымен байланыстырылған.

 

Соңғы жаңалықтар