ЭКСПО-2017 көрмесі туралы Елбасы мен ел халқы және шетелдіктер қандай пікір айтты? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКСПО-2017 көрмесі туралы Елбасы мен ел халқы және шетелдіктер қандай пікір айтты?

ЭКСПО-2017 көрмесі туралы Елбасы мен ел халқы және шетелдіктер қандай пікір айтты?

Биыл жазда Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі өткені белгілі. Бұл халықаралық шараның ел абыройын асырудағы, экономикамызды дамытудағы орны ерекше болды.

  • 7 Қараша 2017
  • 8559
Фото - Caravan.kz

Ал Caravan.kz медиа-порталы биылғы ЭКСПО туралы пікірлердің бірқатарына тоқталып отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің басты жетістігін атады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы мәлімдеме жасайды

Бүгін Ақордада отандық және шетелдік журналистерге сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесінің басты жетістігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең басты жетістік — осы көрмені жеңіп алуымызда. 162 мемлекет өткізгісі келді. Көрмелердің тарихы 100 жылды құрайды. Әр тақырыпта, әр бағытта дүниежүзінде көрмелер өткізіледі. Осының алдында Миландағы көрмені барып көрген едім. Ол әншейін уақытша жасалған ғимараттардың ішінде өтті. Біткеннен кейін барлығын таратып алып кетті. Сондықтан ең маңыздысы, біз жас ел болғаннан кейін Қазақстанды дүниежүзіне көрсете білуіміз керек. Мұның төңірегінде әлі көп жұмыс жасау қажет», — деді Елбасы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, ЭКСПО-2017 көрмесінің өзегі болған баламалы энергия қазіргі ғылым мен техниканың ең озық үлгісі саналады.

«Көрме бітті. Көрме біткеннен кейін ғимараттардың барлығы бекер қалмайды. Біздің павильонымыз Қазақстанның музейі ретінде қалады. Екі павильонда қаржы орталығы болады. Бір павильонда Қазақстанның көрмесі болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, мұнан бөлек, бір павильонда ІТ-стартаптар паркі ашылады. Онда жастарға, ғалымдарға жаңалықтар ашуға барлық мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар тағы бір павильонда мектеп оқушыларын білімге, мамандыққа баулитын орталық болады. «Оны корейлермен бірге жасап жатырмыз. Ол да жастарға пайдалы», — деді Елбасы.

Қазақстан Президенті көрмеге қанша адам келгенін, оның қандай пайдасы болғанын да айтты.

«2 милллион адам келеді деп ойлап едік, 4 миллионға жақын адам келді. Жалпы, ары-бері кіріп шыққан адамдардың саны 25 миллионнан асты. Астанаға, Қазақстанға пайдасы көп болды. 1 400 қазақстандық компания қатысып, құрылыс материалдарын берді, құрылыс жұмыстарына қатысты. Олар 640 млрд теңгенің қаражаты игерді. Қонақ үйлердің, мейрамханалдардың, дүкендер мен концерт залдарының барлығы толды. Олардың барлығы ақша тапты, бизнес көтеріліп, қала бюджетіне үлкен қаржы құйылды. Осының барлығы пайдалы. Негізгісі бүкіл дүниежүзінен, 185 елден адамдар келді, Қазақстанның облыстарынан мүлдем Астананы көрмегендер келді», — деді Мемлекет басшысы.

ЭКСПО-2017 қонақтарының пікірі

Көрме қонақтарының пікірін "Егемен Қазақстан" газеті жариялады.

Жуэл ДЮПРАТ, Франция:

– Біз отбасымызбен биылғы демалысымыздың екі аптасын Қазақстанда өткізуге шешім қабылдадық. Жұбайым – Сильвия мен қызым Хелоиз үшеуіміздің келгенімізге бір аптадай уақыт болды. Өзіміз қазақ еліне алғаш рет сапарлап отырмыз. Шынымды айтсам, бұрын Қазақстан туралы естігенімізбен, елдеріңізді осынша дамыған деп ойламаппыз. Келгелі Астананың әдемі көрінісін көріп, таңға­лы­сымызды жасыра алмадық. Арасында Алматыға да жол түсіп, оның әдемі тауларын көзімізбен көріп, тамсанып қайттық. Қазақстандағы ЭКСПО көрмесі біз үшін ерекше есте қаларлық естелік болды. Қай ел де көрмеге үлкен әзір­лікпен келгені көрініп тұр. Әсіресе, Малайзия, Австралия, Германияның павильондары көңілімізден шықты. Отанымыз – Францияның павильонына да бас сұқтық. ЭКСПО көрмесіндегі ең үлкен үш павильонның бірі Франциянікі екенін естіп, қуанып қалдық. Мұның өзі екі елдің арасында жақсы қарым-қатынас орнатылғанын көрсетеді. Жұбайым екеуіміз де суретшіміз. Үйге оралысымен Астана туралы, оның әсем көріністерін бейнелейтін суреттер топтамасын шығармақ ойымыз бар. Айтпақшы, ЭКСПО алаңында ойналып тұратын қазақтың музыкасы жүрегімізді айрықша баурады. Керемет әуендер екен. Музыкаға елітіп, біраз демалып отырдық. Бұл да жүрегімізде қалатын әдемі естелік болды.

Нұрай СӘЛІБАЕВА, Шымкент:

– Біз апалы-сіңлілер болып ЭКСПО көрмесін аралап жүрміз. Бұл дегеніңіз екі айналып келмейтін керемет жаһандық шара ғой. Сондықтан, жүрегінде Отанына деген махаббаты бар әрбір адам осы көрмеге келіп, көруі тиіс деп ойлаймын.

Бүгін екінші күн көрмені аралап отырмыз. Бастапқыда шет­тегі Ресей, Монака, Гер­ма­ния павильондарын ара­ла­дық. Бәрі де тамаша. Пави­ль­ондардың ішіне кірсең, әлемді ара­лағандай боласың. Біреу телефон соқса, «Біз АҚШ-та жүрміз, енді Францияға барамыз» деп сөйлейсің, керемет емес пе?! Құдды ғаламшарды айналып жүргендей күй кешіп жүрміз. Қазақтың атын дүние жүзіне танытатын мұндай ірі ха­лықаралық шаралар елі­міз­де өте берсін деймін. Бұл өскелең ұрпақтың санасына Отанына деген мақтаныш сезімін ұялататыны сөзсіз. Қазақтың басынан той арылмасын, еліміз тыныш, бесігіміз тек тыныштықта тербелсін деймін.

Қазақстан жоғары деңгейде өткізген ең ауқымды жоба – Астанадағы EXPO көрмесі

Бұл пікірді экспозицияны жеке тамашалаған латвиялық журналист Андрей Татарчук білдірді. EXPO әлемнің техника мен технологиядағы жетістіктерін көрсететін кеңістікке айналғандығын да атап өтті, деп хабарлайды "Хабар-24".

Андрей Татарчук, журналист:

Латвиялық журналист EXPO көрмесі туралы пікірін білдірді

– Астана EXPO – Қазақстанның ағымдағы жылдағы ең жарқын жобасы. Менің ойымша, келер жылы да Қазақстан тың жобалармен әлемді тамсандырады. Оған арнайы кеңістік іздемейтіні сөзсіз. Себебі EXPO-да үлкен конференциялар өткізуге арналған кеңселер инфрақұрылымымен дайын тұр. Сондай-ақ маған Қазақстанның стенді өте ұнады. Қорыта келе, бұл мемлекет өзін тек Орталық Азияда ғана емес, әлем бойынша өз міндеттерін орындайтын, өз келбетін қалыптастыра білетін, имиджін әлемге таныта алатын мемлекет екенін көрсете алды.

Джонатан Авес: «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте сәтті ойластырылған

Астанадағы EXPO 2017 көрмесінде болған британиялық сарапшылар көрмені көргеніне тәнті болғанын ерекше әсермен жеткізді. Шараның бір ерекшелігі ретінде таңдалып алынған тақырыпты айтады. Сарапшылар көрменің жасампаздық мақсаты таяу арада орындалып, «Жасыл экономика» тақырыбының өзектілігі арта түсетіндігіне сенімді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Джонатан Авес, сарапшы:

Джонатан Авес: «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте сәтті ойластырылған

— Меніңше, «Болашақ энергиясы» тақырыбы өте сәтті ойластырылған. Мұнай мен жанармайға негізделген экономиканы энергияның жаңа түрлеріне ауыстырудың жолдары іздестіріліп жатқанын әр адам естіп, қуанып жатыр. EXPO-ға барып, әлемнің ары қарай қалай өзгеретініне куә болу өте қызықты болды.

Лаура Флорес: Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройы артып келеді


Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройы аршындап артып келеді, деп хабарлайды "Хабар-24".

Бұл – халықаралық саясаткерлер, сарапшылар және бақылаушылардың ортақ ой-пікірі. Панаманың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Лаура Флорес Қазақстанның танымалдығы мен тартымдылығын арттырған бірнеше жемісті жобаларды атап өтті.

Лаура Флорес, Панаманың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

Лаура Флорес: Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы абыройы артып келеді

— Мен Қазақстанды халықаралық сахнадағы түрлі мәселені шешуге атсалысқаны және маңызды рөлі үшін құттықтағым келеді. Ең алдымен, EXPO 2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізгеніне алғысымды айтамын! Шараға Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің елдері де қатысты. Қазақстан басқа салаларда да көптеген ел үшін жемісті дамудың үлгісі болып, өзіне назарын аудара білді. Сонымен қатар Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы белсенділігі үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Бастамаларыңыз бен осы қозғалыстағы көшбасшылық үшін көп рақмет!

«EXPO-2017» көрмесін өткізу отандық ғылымның әлеуетін ашты 

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің Экология жөніндегі комиссиясының басшысы Салтанат Рақымбекова «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің Қазақстанда жасыл технологияларды енгізу барысына тигізген әсері туралы айтып берді, деп Bnews.kz.

Картинки по запросу салтанат рақымбекова

«Экспо-2017» көрмесін өткізу әлемнің үздік технологияларын бір жерге шоғырландыруға, сонымен қатар отандық ғылымның әлеуетін ашуға мүмкіндік берді», — деп есептейді Салтанат Рақымбекова.

Оның айтуынша, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында белгіленген стратегиялық міндеттер мемлекеттік саясатты анықтап, қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік берді. Мәселен, мемлекеттік энергетикалық тізім енгізілді, заңнамаға энергия сервистік келісімдер, кәсіпорындарда энергетикалық аудиттар жүргізу түсінігі енгізілді және т.б.

С. Рақымбекова бүгінде Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы халықаралық көрмені өткізуге қолдау көрсетіп, Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасының шаралары мен «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын іске асыруға көмек көрсету үшін жасыл бастамалар мен жобалардың қомақты қоржынын әзірледі. Жалпы, аталған жұмыс баламалы технологияларды дәріптеуге, отандық ғалымдар мен жаңалық ашушыларға қолдау көрсетуге, демонстрациялық алаңдар құруға бағытталған.

Сондай-ақ, ол Қазақстан экономикасының энергия үнемдеу саласында үлкен әлеуетке ие екенін және энергия үнемдеуші әрі энергия тиімді шараларды енгізу есебінен тек ТКШ саласының өзінде ресурстарды тұтыну көлемін 40%-ға дейін төмендетуге болатынын атап өтті.

Мысал ретінде ол «Арнасай» орталығы атады, бүгінде оның аумағында 35 «жасыл» технология апробацияланған, сонымен қатар 2014 жылы іске асырылған, сорғы паркін 100% жаңғырту бойынша «Атырау су арнасы» КМК жобасын айтуға болады.

Айта кеткен жөн, бұған дейін ҚР ИДМ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының қаржылық қолдауымен, энергия үнемдеу мәселелерімен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау шараларын ұсыну бойынша ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылған.

«Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, біз «Экспо-2017» мұрасын сақтау үшін, еліміздің экономикасына жасыл технологияларды белсенді түрде енгізудің Жол картасын әзірлеу қажет деп есептейміз», — деп сөзін түйіндеді С. Рақымбекова.

Сарапшылар ЭКСПО-2017 Қазақстанның модернизациялық дамуына қандай үлес қосқанын талқылады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен «ЭКСПО-2017: Қазақстанның модернизациялық алға жылжуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында сарапшылар халықаралық шараның Қазақстанның жаңғыруына қосқан үлесін талқылады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Жиынға Қазақстанның ғылыми зерттеу институттарының жетекші сарапшылары, экономистер, әлеуметтанушылар, магистранттар докторанттар, мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік компаниялардың өкілдері қатысты.

«ЭКСПО-2017 көрмесі ел тәуелсіздігін алғаннан бері өткізілген ең ауқымды шара, ең үлкен жетістік. Көрме әлем қауымдастығының қызығушылығын туғызды. Айтулы шара Қазақстанның имиджінің жақсара түсуіне ықпал етті. Ең басты жетістік көрменің тақырыбында тұр. Болашақтың энергиясы бүгінде Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті тақырып. Қазақстан көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ сессиясында ұсынған «Жасыл көпір» бастамасы бүкіл ғаламшардың ертеңгі дамуына жол көрсетті. Сонымен қатар, ЭКСПО көрмесінің арқасында бірқатар жаңа жұмыс орындары ашылды. Ішкі туризм жандана бастады. Бизнестің дамуына тың серпін берді», — деді университет ректоры Ғалым Мұтанов.

Картинки по запросу мұтанов

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Сейдумановтың айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі — Қазақстанның әлем дамуына қосқан интеллектуалдық үлесі.

«ЭКСПО-2017 Қазақстанның ғаламдағы жұлдызды сәті десек болады. Бұл көрмеден соң әлем жұртшылығы жасыл технологиялар бойынша даму керектігін түсінді. Көрме барысында адамзаттың дамуына серпін беретін 150 ғылыми жаңалық пен технология көрсетілді. Қазақстанның өзінде қазір 68 жоба іріктеліп, мақұлданды. ЭКСПО барысында күллі әлемнің назары Қазақстанда болды. ШЫҰ елдері, Ислам елдері басшылары бас қосып, адамзаттың өзекті мәселелерін талқыға салды. Мен ЭКСПО-ны өткізу қазақ елінің пассионарлық жарылысы болды деп толық айта аламын», — деді депутат.

Депутат Мажилиса Серик Сейдуманов: люди верят в партию

Сарапшылар Қазақ Ұлттық университеті қабырғасында ашылған ситуациялық орталықты, жасыл технологиялар орталығын аралап көрді.

«ҚазҰУ-да шағын ЭКСПО бар екен. Жасыл технологиялар паркі, стартаптарды қолдау паркі нені білдіреді? Бұл Ұлттық университетте білім тәжірибе қатар ұштасып отырғанын көрсетсе керек. Студенттер алған білімін тәжірибе ретінде жүзеге асыратынын білдірсе керек», — деді Серік Сейдуманов.

Соңғы жаңалықтар