Жарияланды: 100

ЭКСПО-2017 павильондарын демонтаждау жұмыстары басталды

ЭКСПО-2017 павильондарын демонтаждау жұмыстары басталды

11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы халықаралық павильондардың демонтажы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет. Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді»,  - делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада. Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.

Айта кетерлігі, «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты.

Пікір қалдырыңыз

[X]