«ЭКСПО»-ның алғашқы күндері қандай шарамен басталады? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЭКСПО»-ның алғашқы күндері қандай шарамен басталады?

«ЭКСПО»-ның алғашқы күндері қандай шарамен басталады?

«ЭКСПО» көрмесінің алғашқы күндерінде, маусымның 11 мен 14 аралығында Сегізінші халықаралық форум мен министрлер конференциясы өтеді.

  • 16 Мамыр 2017
  • 247
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникциялар қызметінде өткен брифингте KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Маусымның 11 мен 14 аралығында «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» деген ортақ атаумен Министрлер конференциясы және Сегізінші халықаралық форум өтеді. Энергетика саласындағы осы ірі шара «ЭКСПО» көрмесінің маңызды оқиғалар кестесіне енгізілген. Министрлер конференциясы мен Сегізінші халықаралық форумды KAZENERGY қауымдастығы ҚР Үкіметінің бастамасымен және БҰҰ 5 аймақтық комиссиясымен бірлесіп өткізеді», — деді Б.Ақшолақов.

Халықаралық көрменің алғашқы шарасы ЭКСПО-ның жаңа Конгресс-орталығында өтпек. Министрлер конференциясына 50-ден аса мемлекеттің ресми өкілдері қатысады деп күтілуде. Оның ішінде 20-ға жуық энергетика министрлері мен вице-министрлер, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың 10 басшысы бар.

«Министрлер конференциясы мен Сегізінші халықаралық форумда қазба отынды пайдалану, жаңартылатын энергетиканы дамыту және энергия тиімділігін арттыру мәселелері әрі осылардың өзара байланысы талқыланады. Бұл шараға Еуропалық комиссияның Энергетика мәселелері жөніндегі вице-президенті Марош Шевчович, UNIDO бас директоры Ли Йонга, GECF бас хатшысы С.М. Хуссейн Адели, SE4ALL бас директоры Рэйчел Кайт және тағы да басқалар келеді деп күтіп отырмыз», — деді қауымдастықтың бас директоры.


Б.Ақшолақов нақтылағандай, Министрлер конференциясын ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ашады.

Соңғы жаңалықтар