Елбасы отандық фармацевтиканың дамуына кедергі келтіргендерге ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы отандық фармацевтиканың дамуына кедергі келтіргендерге ескерту жасады

Елбасы отандық фармацевтиканың дамуына кедергі келтіргендерге ескерту жасады

Еліміздегі фармацевтика саласы дамудың жаңа деңгейіне өтуде.

  • 6 Желтоқсан 2017
  • 165
Фото - Caravan.kz

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Жаңа индустрияландыру: Қазақстан барысының серпіні» атты ұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы фармацевтика саласының дамуына кедергі жасап отырған азаматтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жалпыұлттық телекөпір барысында Президент аталған жиынның еліміздің болашағы үшін өте маңызды екенін, бүгін индустрияландыру бағытындағы жұмыстың қорытындысы шығарылып жатқанын айтып өтті. Кейін Елбасы отандық фармацевтика саласының дамуына кедергі жасап отырған азаматтардың бар екенін алға тартты.

«Еліміздегі фармацевтика саласы дамудың жаңа деңгейіне өтуде. 14 кәсіпорын халықаралық талаптарға сай жұмыс істеп отыр. Бүгін тағы бір жобаны іске қостық. Ол жобаны «Химфарм» АҚ жүзеге асыруда. Мен біздің отандық фармацевтика саласының дамуына кедергі жасап отырғандарға тағы да ескерту жасағым келеді. Қазақстандағы шетелдік компаниялар байланыс орнатқан азаматтар белгілі бір себептерге байланысты келісімшарттады күшінде ұстап, осы салаға біздің компанияларды әрең кіргізеді. Мұны жіті бақылап отырмын. Сондықтан тағы ескертемін», — деп түйіндеді сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.


Соңғы жаңалықтар