Жарияланды: 10 720

Елбасы қыздардың қара жамылуына тыйым салуды ұсынды

Елбасы қыздардың қара жамылуына тыйым салуды ұсынды

Қазақстан президенті дәстүрге сай емес діни ағымдардың киімін киюге заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтауды ұсынды.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда дәстүрлі емес діни ағым өкілдеріне тән киімге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  Кездесуге Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Тәжин, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маямеров және имамдар қатысты.

Елбасы қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекет тарапынан діни қарым-қатынастарды реттеу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.

“Мемлекет бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отыр. Проблемаларға талдау жасап, осы салаға қолдау көрсететін арнаулы министрлік құрдық. Жақында мен тарихи және рухани байлығымызды сақтай отырып, оны арттыру, сананы жаңғырту қажеттігі туралы мақала жарияладым. Патриотизм, отанды сүю, ел ішіндегі және өңірлердегі тұрақтылық – біздің болашағымыз. Сол үшін біз бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз”, – деді президент.  Ол цифрлық технологиялар дамыған дәуірде Қазақстан өзінің ұлттық құндылықтарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға тиіс екенін айтты. Дәстүрден тыс киімге заңнамалық тыйым салу  Әңгіме барысында Қазақстан Президенті “Нұр Мүбарак” университетінің жұмысымен және оны бұдан әрі дамыту жоспарымен танысты.

“Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді”, – деді мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мәдениетінің тарихына, қазақ әйелдерінің дәстүрлі киіміне тоқталып, қара киім мен дін арасында ешқандай байланыс жоқ екенін айтты. “Егер жастарымыз халқымызға жат уағыздарға ерсе, мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Біз бұған жол бермейміз. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын, ұлтымыз тату болып, еліміз зайырлы мемлекет ретінде одан әрі дамуға тиіс. Біз өзіміздің игі мақсатымызға қарсы шыққандарға көне алмаймыз. Бұл – мемлекеттік аппараттың ғана емес, барша Қазақстан халқының, оның болашағының мүддесі”, – деді Қазақстан президенті. Имам ілімінің деңгейін көтеру  Сондай-ақ, Қазақстан президенті деструктивті діни ағымдарға қарсы күрес жүргізу қажеттігіне назар аударды.

“Қазақстанның аумағы ұлан-байтақ және табиғи қазба байлық пен ресурстарға бай екені баршаға белгілі. Осының бәріне қызғанышпен қарайтындар да бар. Олар – бізге қастық ойлап, қоғамымыздың ынтымағын бұзуға тырысушылар. Халқымыздың арасына теріс діни ағымдарды енгізу бізге сырттан ықпал етудің бір тәсілі болып саналады. Соңғы уақытта осындай үрдіс байқалып отыр. Біз мемлекеттігімізге қауіп төндіретін кез келген құбылыспен күресуге тиіспіз. Сондықтан сіздердің алдарыңызда зор міндеттер тұр”, – деді имамдарға арнаған сөзінде елбасы.

Мемлекет басшысы Қазақстан мұсылмандары дәстүрлі түрде ханафи мазхабын ұстанатынын, исламның осы бағытының негізін түсіндіруге машықтанған мамандар даярлау қажеттігін атап өтті. “Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында 3800 имам жұмыс істейді. Олардың жартысы діни сауаттылықты арттыру курстарынан өткен. Алайда, мұның жеткіліксіз екенін айта кеткен жөн. Бізге осы салада жұмыс істейтін имамдар мен мамандардың білім деңгейін арттыру жайын ойластыру қажет. Интернеттегі уағыз Елбасы халық арасындағы діни сауаттылықтың маңыздылығын атап өтіп, имамдардың өз қызметі барысында патриоттық тәрбиеге ден қоюға тиіс екендігіне назар аударды.

“Нағыз мұсылманды киген киімінен емес, ішкі иманынан таниды. Кімнің жүрегінде сүйіспеншілік болса, соның иманы бар. Біз өркениетті әлемге қарай қадам басып, ғылым мен білім есігін ашуымыз қажет. XVIII-XIX ғасырларға дейін мұсылман дүниесі бүкіл әлемде көшбасшы болды. Ол ғылымның қайнар көзі, философтардың, дәрігерлер мен жазушылардың отаны болды. Қазір біз бұл жағынан көшбасшылық орнымыздан айырылып қалдық. Оқыған имам ғана дұрыс білім бере алады. Ол өз дінін терең танып, өзге діндердің ерекшеліктерін зерттеп, басқа да білімдерді игерген адам болуға тиіс. Имамдар шешендік өнерді, адам психологиясын меңгерген идеологтарға айналуы керек”,– деді Назарбаев.

Мен өзімнің мақаламда “Туған жер” бағдарламасына ерекше көңіл бөлдім. Ол бізге әр өңір, әр елді мекен туралы мол мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Әрқайсымыздың жүрегімізде патриотизм болуға тиіс. Осы орайда өз уағыздарыңызда Отанды сүю тақырыбына айрықша көңіл бөлулеріңізді сұраймыз, – деп түйіндеді мемлекет басшысы. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі ойларын ортаға салды.

Пікір қалдырыңыз

Қонақ 21 апреля

Қазақ халқында қызбала ешқашан қара жамылғы киім киген жоқ. Елбасы өте дұрыс айтады. Дінді асыра пайдаланбай, орнымен пайдалану қажет. Ұлттық дәстүр, салтымызға сәйкес киініп, болмысызды орынсыз былғамау қажет.

Қонақ 21 апреля

Не понимаю зачем одевать паранджу в Казахстане, хиджаб предназначен для того, чтобы быть скромной и незаметной в толпе. А паранджа в нашем обществе вызывает обратную реакцию. Я спокойно могу подойти к девушке в платке и спросить что либо о религии, но девушек в парандже буду избегать, хоть и глубоко верующий человек

Ахмет 30 апреля

Дұрыс деп ойлаймын. Бұл қазақ халқына сай емес. қазақтын қызы шашып өріп, сәукелесін киіп жүрген көне уақытта

Сакен 30 апреля

Біздің дәстүрлерімізді, біздің киімдерімізді тарату керек халық арасында. Казақ аруы тек байға тигенде ғана орамал тағатын болған.

Айдар 30 апреля

Да думаю правильное будет решение. Ведь паранджа и хиджаб это одежда распространенная в аравии. Там да и в истории это принято

Малик 30 апреля

Жалпы параджа да хиджаб та біздің қазақ халқына сай емес. Бұл арабия жақсы күн ыссылықтан басталған киім үлгісі.

Самат 30 апреля

ДА верное решение думаю будет предпринято. Данная пробема существует и она встреччается простыми людьми на улицах.

Қонақ 15 августа

Ақ орамал тартқан қазвқ əйелі арымда осы орамалдай ақ деп мақтанған.

Нұр Ақтаудан 15 августа

Соңғы жылдары мұсылман елдерінен оқып келген молдалар аравияны немесе иранды иа болмаса түркияны осында көшіре қойғылары келеді. Ол мүлде дұрыс емес əр елдің салт дəстүрі əр түрлі ғой осыны ойлау керек

Қонақ 30 августа

Меніңше, паранджаға тиым салынатын болса, басқада қоғамға қауіп төндіретін мәселелерге, яғни ашық-шашық киімге, қысқа шорты, юбкаға , сырға тағып, шаштарын жалбыратып жүрген жігіт сымақтарға да жалпы біздің салт-дәстүрімізге қайшы келетін нәрсенің бәріне бірдей тиым салу керек.

[X]