Елбасы жаңа министр Бейбіт Атамқұловқа бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы жаңа министр Бейбіт Атамқұловқа бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді

Елбасы жаңа министр Бейбіт Атамқұловқа бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. 

  • 18 Қазан 2016
  • 482
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында Елбасы жаңа министрліктің алдына қойылған міндеттердің маңыздылығына тоқталып өтті.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев жаңа технологияны қолдану арқылы өндірілетін қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі өніміне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін отандық кәсіпорындар өз мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Б.Атамқұлов министрлікте жүргізіліп жатқан кешенді ұйымдастырушылық іс-шаралардың аяқталуға таяғаны жөнінде хабардар етті.

Сондай-ақ, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мемлекет басшысына азаматтық салада қолдануға жарамды өнім шығаруға мультипликативтік әсер беретін аэроғарыш саласын дамытудың, қорғаныс кешенінің өндіріс қуатын арттырудың перспективасы туралы баяндады.


Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Соңғы жаңалықтар