Елден қашқан бұрынғы шенеунік Виктор Храпуновтың балалары немен айналысып жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елден қашқан бұрынғы шенеунік Виктор Храпуновтың балалары немен айналысып жүр?

Елден қашқан бұрынғы шенеунік Виктор Храпуновтың балалары немен айналысып жүр?

Caravan.kz медиа-порталының редакциясы еліміздегі бұрынғы және қазіргі танымал шенеуніктердің балалары туралы әңгімелеуді жалғастырады.

  • 8 Желтоқсан 2016
  • 3170
Фото - Caravan.kz

Виктор Храпунов елімізде көп жылдардан бері, әсіресе, Алматы қаласының әкімі ретінде танымал болды. Қыруар қаржы жымқырып қашып кеткеннен кейін де ол жайында талай ақпарат тарады. Бірақ соңғы кездері оның өзі туралы да, отбасы туралы да ештеңе айтылмай кетті.

Caravan.kz тілшісі бұрынғы әкім һәм министрдің отбасына қатысты мәліметтерді анықтауды жөн көрді.

Виктор Храпунов. YK-news фотосыВиктор Храпунов. YK-news фотосы

Виктор Вячеславович Храпунов (1948 жылдың 24 қарашасында туылған) – еліміздің бұрынғы энергетика және көмір өнеркәсібі министрі, Алматы қаласының және Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі, сондай-ақ, еліміздің бұрынғы төтенше жағдай министрі. 2007 жылы Швейцарияға қашып кеткен.

Храпуновқа қатысты қылмыстық іс 2011 жылдың 22 қарашасында қозғалды. Сот оны тұтқындау керек деп шешті. 2012 жылдың басында құқық қорғау органдары оған мемлекетаралық іздеу жариялады. Сол жылдың қазанында әйелі – Лейла Храпуноваға да ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен іздеу жарияланды.

Bilan журналының есебі бойынша, 2009-2011 жылдары Храпуновтар отбасының мүшелері Швейцариядағы ең бай 300 тұрғынның тізімінде болды. Сол кезде олардың байлығы 300-400 миллион швейцар франкіне жеткен (1 швейцар франкінің құны 1 АҚШ долларына сәл ғана жетпейді).

2013 жылы тамызда Швейцарияда Храпуновтардың банктегі есеп-шоттары олардың қаншалықты заңды екенін анықтау үшін бұғатталды.

Виктор Храпунов пен Лейла Бекетова 1998 жылы үйленген. Екеуінің ортақ ұлы бар. Ал Храпунованың бірінші күйеуінен туған балалары да өгей әкесінің фамилиясына көшкен.

Лейла Бекетова мен Виктор ХрапуновЛейла Бекетова мен Виктор Храпунов

2014 жылдың маусым айында бұл ерлі-зайыптылардың ажырасқаны мәлім болды.

Олар бірге бес бала тәрбиеледі. Қыздары: Галина Храпунова, Елена Храпунова, Эльвира Храпунова-Бельмадани ( Бекетованың бірінші некеден туған қызы). Ұлдары: Ілияс Храпунов (Бекетованың бірінші некеден туған ұлы), Даниэль Храпунов.  

Галина Храпунова, Лейла Бекетова, Виктор Храпунов және Елена Храпунова. Viktor-khrapunov.com фотосыГалина Храпунова, Лейла Бекетова, Виктор
Храпунов және Елена Храпунова. Viktor-khrapunov.com фотосы

Даниэль Храпунов

Даниэль – Виктор Храпунов пен Лейла Бекетованың жалғыз ортақ баласы.

Швейцарияда тұратын қазақстандық журналист Лира Байсейітова 2013 жылдың қыркүйегінде Forbes тілшісіне былай деп айтқан: «Бұған қаншалықты сенуге болатынын білмеймін, жақында маған біреулер Храпуновтардың 17 жасар ұлының салмағы 150 келі боп кеткенін айтты. Салмағын тастауға спорт та көмектесе алмапты. Қазір күйзелісте екен. Жылай береді дейді. Баланы аяймын. Ол менің немеремнен екі жас кіші. Оған қиын шығар».


Виктор Храпунов пен Лейла Бекетова ұлы Даниэлмен бірге (2000 ж.). Viktor-khrapunov.com фотосыВиктор Храпунов пен Лейла Бекетова ұлы Даниэлмен бірге (2000 ж.). Viktor-khrapunov.com фотосы 

Ілияс Храпунов

Ілияс Храпунов. Tengrinews фотосыІлияс Храпунов. Tengrinews фотосы

Лейла Бекетованың бірінші күйеуінен туған ұлы, Виктор Храпуновтың асырап алған баласы.  

Мәдина Әблязоваға (Мұхтар Әблязовтың қызы) үйленген. Екі баласы бар.

Мәдина Әблязова мен Ілияс Храпунов. Forbes фотосыМәдина Әблязова мен Ілияс Храпунов. Forbes фотосы 

Ілияс Храпунов пен Мәдина Әблязова балаларымен бірге. 365info фотосыІлияс Храпунов пен Мәдина Әблязова балаларымен бірге. 365info фотосы

2010 жылы Храпуновтардың ірі байлардың тізіміне тағы енгені туралы ақпарат құралдары жарыса жазды. Сол кезде Ілиястың байлығы 343 млн АҚШ доллары деп бағаланды.

2014 жылдың жазында Интерпол арқылы Ілияс Храпуновқа да халықаралық іздеу жарияланды. Оған қылмыстық топ ұйымдастырды, ақша жымқырды деген айыптар тағылған.

Ақпарат құралдарындағы мәлімет бойынша, Ілияс Храпунов – Hotel du Park Holding қонақ үйінің қожайыны.

Ол Швейцария және басқа елдердегі қымбат тұратын жобаларға, соның ішінде отель-кондоминиумдарға, жеке қонақ үйлерге инвестиция салумен айналысатын Swiss Development Group компаниясының негізін қалаған. Бірақ бұл компанияны 2013 жылы швейцариялық бизнесменге сатып жіберді.

Эльвира Храпунова-Бельдимани

1981 жылы туылған. Ол да – Лейла Бекетованың бірінші некеден туған перзенті. Ол да Виктор Храпуновтың фамилиясына көшті. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, оның қазіргі фамилиясы Храпунова-Кудряшова.

Эльвира 2012 жылы Швейцарияның ең бай 300 тұрғынының тізіміне енген. 

Ол 2014 жылы АҚШ-тағы зәулім үйін атақты америкалық әнші Бруно Марсқа 6,5 миллион долларға сатыпты

Carrera y Carrera зергерлік бутигінің иесі. Женевада тұрғын үй аумағы 626 шаршы метр болатын, 32 млн франкқа бағаланатын вилласы бар. 

Соңғы жаңалықтар