Жарияланды: 238

Елімізде аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылуы мүмкін

Елімізде аң мен құстың 300-ден астам түрі толық жойылуы мүмкін Сурет - crimea9.ru

Бұл жайында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлының әріптестері атынан ел Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалында айтылған деп жазадыҚазАқпарат.

«Қазақстан - аяулы мекеніміз. Елімізде табиғи байлық мол. Соның бір көрсеткіші аң мен құстар. Осы уақытқа дейін олардың көбісі Қызыл кітапқа енгізілді. Мемлекет тарапынан қорғалатын табиғи қорықтардың көлемі 23 млн гектар аумақты, ал аңшылық шаруашылықтардың иелігіндегі аумақ 118 млн гектарды құрайды», - деді сенатор.

Оның айтуынша, қоршаған ортаны қорғау бағытында мемлекеттік бағдарламаларымыз да баршылық. Алайда, бұл мәселеде дабыл қағарлық жағдай көптеп орын алуда.

«Ресми мәліметке сүйенсек, жерімізде мекендейтін аң мен құстың 300 - ден астам түрі толық жойылып кету қаупінің алдында тұр. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылдың көктемінде Қазақстандағы құстар саны 2 млн-ға кеміп кеткен. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2017 жылғы 16 ақпан мен 14 маусым аралығында көктемгі аң-құс аулау маусымына тыйым салды. «Комитет шешімі дұрыс емес, жануарлар дүниесіне аңшылардың еш қиянаты жоқ» деп, қаптаған аңшылық мақсаттағы шаруашылықтар ашық хат жазып, өре түрегелуде. Дерекке сүйенсек, соңғы бірнеше жыл көлемінде 300-дей аңшылық щаруашылығы құрылған екен. Пайда таппаса, осыншама шаруашылық құрылар ма еді?»,- деді Бақтиярұлы Үкімет басшысы атына жолдаған депутаттық сауалда.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің пікіріңіз,

[X]