Елімізде ең жоғары жалақыны көлік саласының қызметкерлері алады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ең жоғары жалақыны көлік саласының қызметкерлері алады

Елімізде ең жоғары жалақыны көлік саласының қызметкерлері алады

2017 жылы ең жоғары жалақыны көлік саласында еңбек ететін қызметкерлер алып жүр. Бұл саланың қызметкерлерінің жалақылары өткен жылмен салыстырғанда биыл 111 мың теңгеге көбейген, деп хабарлайды energyprom.kz. 

  • 22 Мамыр 2017
  • 293
Фото - Caravan.kz

2017 жылы Қазақстан кәсіпорындары жұмысшыларына көп көңіл бөле бастады. Экономика саласының 48%-інде (45 сала) нақты жалақының өсуі байқалған, бұл көрсеткіш өткен жылы 35%-ке (33 сала) жеткен.

Сәйкесінше, 2017 жылдың бірінші тоқсанында айлық жалақы бойынша сатып алуға деген қабілеттің төмендеуі өткен жылмен салыстырғанда 45 салада байқалған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 57-ні құраған.

Бірінші тоқсандағы нақты жалақы индексінің өсуі (2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда) 0,4%-тен 39,7%-ке дейін жеткен.

Сонымен қатар, нақты жалақының қысқаруы — өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындарда 72,1%-ті құраған.


Қазақстан экономикасындағы орташа айлық жалақының ең көп көрсеткіші биыл жұмыспен қамту саласында тіркелген. 2016 жылдың қаңтар-наурыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда бұл салада жұмыс істейтін мамандардың жалақысы 100,8 мың теңгеге немесе 30%-ке өскен.  

 

Соңғы жаңалықтар