Елімізде мемлекеттік балабақшалардың жұмысы 19.00-ге дейін ұзаруы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде мемлекеттік балабақшалардың жұмысы 19.00-ге дейін ұзаруы мүмкін

Елімізде мемлекеттік балабақшалардың жұмысы 19.00-ге дейін ұзаруы мүмкін

Ата-аналар жұмыстан кейін балаларын балабақшадан алып кетуге үлгеру үшін 2018 жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың жұмысы 19.00-ге дейін ұзаруы мүмкін.

  • 11 Желтоқсан 2017
  • 141
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР білім және ғылыми министрі Ерлан Сағадиевтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министрдің айтуынша, Алматы білім басқармасындағылар мен Қазақстанның басқа өңірлеріндегі білім басқармалары осы мәселелені қарастаруды жоспарлап отыр.

Бұл мәселені балабақшадан балаларын алып кетуге үлгере алмай жүрген ата-аналар да көтерген болатын. Министрдің айтуынша, мектепке дейінгі мекемелерге бақылау жүргізілді. "Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар осы мәселені зерделеп, балабақшалардың 49,2 пайызының  жұмыс режимін 10,5 сағаттықтан 12 сағаттық жұмыс күні режиміне ауыстыру үшін қосымша қаражат бөлуді қарастырып жатыр", — делінген министрдің жауабында. Сондай-ақ, ата-аналар арасында кешкі кезекші топтарды ашу мәселесі бойынша сауалнама жүргізілді.

Жалпы, ҚР БҒМ мәліметінше, елімізде жұмыс істейтін балабақшалардың 9844-і — мемлекеттік, Олардың 53 пайызы бес күндік, 12 сағаттық жұмыс күнімен істейді.


 

Соңғы жаңалықтар