Елімізде полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды

Елімізде полицейлер қағаз хаттама толтырмайтын болды

Астанада е-айыппұлды ресімдеудің жаңа жүйесі сынақтан өткізілуде, соның арқасында жол-патрулдік полиция қызметкерлері қағаз хаттама толтырмайтын болады

Қазақстанда жол-патрулдік полиция қызметкерлерінің қолына планшет ұстап, жол жүру ережесін бұзу туралы қағаз хаттама толтырудан босатылады, деп хабарлайды Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитетінің төрағасы Бағдат Мусин.

  • 15 Мамыр 2017
  • 336
Фото - Caravan.kz


Астанада е-айыппұл ресімдеу өткен бейсенбіден бері сынақтан өткізілуде. "Құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитет жасап шығарған бұл жүйе жол полициясы қызметкерлерін қағаз хаттама толтырып, әрі қарай сонымен әлек болудан босатуға бағытталған", — деп жазды Мусин Facebook парақшасында. Оның берген мәліметіне сүйенсек, прокурорлар мен полиция қызметкерлері қалада жүріп, планшеттердің дұрыс істеуін тексеріп жатыр. Полиция қызметкерлеріне тағы да бір жақсы мүмкіндік туып тур — олар жүргізушілер туралы барлық ақпаратты қолма-қол ала алады. Ол үшін жүргізушінің ИИН нөмірін енгізсе болғаны.

 

Соңғы жаңалықтар